Поиск

Полнотекстовый поиск:
Где искать:
везде
только в названии
только в тексте
Выводить:
описание
слова в тексте
только заголовок

Рекомендуем ознакомиться

'Задача'
Для улучшения условий труда на производстве всегда ставится задача – установить причины и закономерности появления несчастных случаев и профессиональн...полностью>>
'Решение'
эффективности вариантов диверсификации бизнеса Анализ стратегии диверсифицированной компании Факторы инвестиционной привлекательности компании для сто...полностью>>
'Методическая разработка'
Работа выполнена на кафедре русского языка для иностранных учащихся гуманитарных факультетов ГОУ ВПО «Московский государственный университет имени М....полностью>>
'Документ'
Организационный комитет II Всероссийского симпозиума «Современные технологии образования детей с ограниченными возможностями здоровья: тенденции, про...полностью>>

Юрист әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Главная > Кодекс
Сохрани ссылку в одной из сетей:

1

Смотреть полностью

Источник: справочная правовая система ЮРИСТ

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-II Кодексі

 

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар

1-бап. Қазақтан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

заңдары

1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi

Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.

3-бап. Бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi

жергiлiктi өкiлдi органдардың белгiлеуi жөнiндегi өкiлеттiгi

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыреттерi шегiнде, бұзушылығы үшiн адамдардың осы Кодекстiң 362 және 363-баптарында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн ережелердi белгiлеуге құқылы.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары да бұзушылық үшiн осы Кодекстiң 300, 310, 311, 387-баптарымен әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi белгiлей алады.

4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн

жауаптылық туралы заңдарының кеңiстiк жағынан қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс.

2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

 

5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы

заңдардың уақыт жағынан қолданылуы

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңдардың негiзiнде жауаптылықта болуға тиiс.

2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген  әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың туындаған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт болып танылады.

 

6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi

1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жұмсартатын заңның кері күші болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.

2. Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.

2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

заңдардың міндеттері мен принциптері

7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен принциптерiн белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.

8-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң

маңызы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.

9-бап. Заңдылық

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, және оны  жасағаны үшiн қолданылатын әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары тек осы Кодекспен белгiленедi. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиiс емес.

2. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында аталған өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Заңмен және Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгiленген ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.

3. Соттар адамның және азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот, қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандығына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алысымен iс жүргiзудi қайта бастайды.

4. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және заңмен белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп соғады.

10-бап. Сот құзыретiнiң ерекшелiгi

1. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шегi, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен белгiленедi және өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және орындалуға жатпайды. Кiмнiң болса да соттың билiктiк өкiлеттiгiн иемденуi заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, өзiнiң қарауына жатпайтын iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырып, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы принциптердi өзгеше түрде бұзған соттың шешiмдерi заңсыз және күшi жойылуға тиiс.

3. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi шешiмдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттарда ғана тексерiлуi және қайта қаралуы мүмкiн.

 

11-бап. Адамдардың  заң алдында теңдiгi

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, сенiмiне, жынысына, тiлiне, дiнге көзқарасына және iстейтiн жұмысының сипатына, тұратын жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

12-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы

1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке адам өз кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәсiз деп есептеледi.

2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күдiктер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адамның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезiнде туындайтын күдiктер де оның пайдасына шешiлуге тиiс.

13-бап. Кiнә принципi

1. Жеке адам тек кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Жеке адамның кiнәсiздiктен келтiрген залалы үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi.

2. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танылады.

14-бап. Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк

Бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де екi рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.

15-бап. Iзгiлiк принципi

1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

2. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданғанда адам жанын күйзелтудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды жазалау мақсаты етiп қоюға болмайды.

 

16-бап. Жеке басқа қол сұқпаушылық

1. Ешкiмдi де осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте әкiмшiлiк ұстауға, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органдарға алып келуге, жеткiзуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды.

2. Осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылуы мүмкiн.

3. Әрбiр ұсталған, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органға алып келiнген, жеткiзiлген адамға ұстаудың, алып келудiң, жеткiзудiң негiздерi, сондай-ақ оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады.

4. Мемлекеттiк орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келiнген, жеткiзiлген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзiмнен артық қамауда отырған адамды дереу босатуға мiндеттi.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездiк немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды.

6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.

7. Өзiне қатысты әкiмшiлiк жаза шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төнуiн болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.

8. Заңсыз қамауға алудың, өмiрi мен денсаулығына қатерлi жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездiкпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға  келтiрiлген залал заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.

 

17-бап. Жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу кезiнде iске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтiн жеке сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында соттың, басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық залал заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.

18-бап. Жеке өмірге қол сұқпаушылық

Жеке өмір, жеке бастың және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.

 

19-бап. Меншiкке қол сұқпаушылық

1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де сот шешiмiнсiз өз мүлкiнен айыруға болмайды.

2. Мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын кеменi ұстау; көлiк құралдарын, шағын кемелердi тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерiп қарау тек осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.

20-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi

1. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының мен заңға бағынады.

2. Судьялар мен соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өздерiне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешедi. Соттардың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да болмасын араласушылыққа жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.

3. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.

 

21-бап. Iс жүргiзу тiлi

1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

2. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда  қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлiн белгiлейдi. Белгiлi бiр iс бойынша iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгiленген тiлдердiң бiрiнде жүзеге асырылады.

3. Iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi дәрежеде бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен айғақтар беру, өтiнiштер жасау, шағым беру, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған заңға байланысты қажеттi iс материалдарын iс жүргiзiлетiн тiлге тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.

5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға тиiстi iс жүргiзу құжаттары олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылып берiлуге тиiс.

6. Аударма жөнiндегi шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi.

22-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату

1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес.

2. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақ беруден бас тартуға құқылы және олар бұл үшiн қандай да болмасын жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес.

23-бап. Бiлiктi заң көмегiн алуға құқықтарды қамтамасыз ету

1. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында заңға сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.

2. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.

24-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң

жариялылығы

1. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) осы iстердi жүргiзудi ашық түрде жүзеге асырады.

2. Заңға сәйкес мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар iстерге қатысты, сондай-ақ соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету, жеке бастың, отбасылық, немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалар өмiрiнiң интимдiк жақтары туралы мәлiметтердi сақтау қажеттiлiгiне не ашық қарауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларға сiлтеме жасаған iске қатысушы адамның өтiнiшiн қанағаттандыру кезiнде iс жүргiзу жабық түрде жүзеге асырылады.

3. Жеке тұлғалардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары тек осы хат жазысу мен телеграф хабарламаларын өзара алмасқан адамдардың келiсiмiмен ғана ашық iс жүргiзу барысында жария етiлуi мүмкiн. Керiсiнше жағдайда осы адамдардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары жабық iс жүргiзу тәртiбiнде жария етiледi және зерттеледi. Аталған ережелер жеке сипаттағы мәлiметтерi бар фото- және киноқұжаттарды, дыбыстық және бейнежазбаларды зерттеу кезiнде де қолданылады.

4. Iске қатысушы адамдар мен ашық iс жүргiзуге қатысып отыратын жеке тұлғалар  iс жүргiзiлiп жатқан үй-жайдағы өздерi иеленген орыннан iс жүргiзудiң барысын жазбаша түрде немесе аудиожазуды пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Iс жүргiзу барысында кино- және фотосуретке түсiруге, бейнежазбаға, тiкелей радио- және телехабарларды таратуға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске қатысушы адамдардың пiкiрлерi ескерiле отырып жол берiледi. Бұл iс-әрекеттер iстiң қалыпты жүруiне кедергi жасамауға тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн.

25-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қалыпты жұмысын және iс жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам iс жүргiзу кезiнде қатысып отыруға тiлек бiлдiрген адамдардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарын тексерудi, өздерiн тексерiп қарауды және олар әкелген заттарды тексерiп қарауды қоса алғанда, оларды тексеру жөнiнде өкiм бере алады.

26-бап. Iс жүргiзу iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану

бостандығы

1. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.

2. Iске қатысушы адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.

3. Шағымды шағым берген адамға зиян келетiндей етiп немесе шағым өз мүддесiне орай берiлген адамға зиян келетiндей етiп қарауға жол берiлмейдi.

27-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн

сот арқылы қорғау

1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделi адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және жеке тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып (арыз жазып) жүгiнуге құқылы.

3. Ешкiмге ол үшiн заңмен көзделген соттылығы оның келiсiмiнсiз өзгертiлуге тиiс емес.

2-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық және

әкімшілік жауаптылық

Жалпы бөлім

3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық

28-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық

1. Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

2. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды.

3. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.

29-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау

Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

30-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау

Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

4-тарау. Әкімшілік жауаптылық

31-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар

Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:

1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;

2) заңды тұлға.

32-бап. Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

33-бап. Ақыл-естiң кемдiгi

Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.

 

34-бап. Лауазымды адамдардың және басқару функциясын

орындайтын өзге де тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің,

жеке нотариустар мен адвокаттардың әкімшілік

жауаптылығы

1. Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болуға тиіс.

2. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрі - дара кәсіпкерлер), жеке нотариус, адвокат, сол сияқты дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлері, сондай-ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.

3. Егер осы Кодекстің нормаларында олардың лауазымды адамдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылатыны көрсетілмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша лауазымды адамдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.

Ескерту. Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын (яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген) не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

 

34-1-бап. Құқық бұзушылықты арнайы техникалық құралдар тіркеген кездегі әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері

1. Әкімшілік құқық бұзушылық сертифи­кат­талған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда, жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа көлік құралдарының меншік иелері (иелері) тартылады.

2. Егер көлік құралының меншік иесінің (иесінің) хабарламасы немесе өтініші бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан көлік құралы оның иелігінен шыққан болса, осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

Ескерту.

Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке тұлғалар көлік құралдарының иелері болып танылады.

Осы Кодекстің баптарында сертификат­тал­ған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құрал­дары мен аспаптары деп құқық бұзушылық­тар­ды бақылау мен тіркеудің метрологиялық салыс­­тырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушы­лықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, сондай-ақ жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейнеаппаратураны түсіну қажет.

 

35-бап. Тәртiптiк жарғылардың не арнайы ережелердiң күшi

қолданылатын әскери қызметшiнiң, прокурордың және өзге де

адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн

әкiмшiлiк жауаптылығы

1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер , қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кеден шекара­лары  арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, санитариялық заңдарды, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерiн, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде, ал шақыру бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) айыппұл түрiнде де әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды.

3. Қызмет туралы тәртiптiк жарғылардың немесе арнайы ережелердiң күшi қолданылатын, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандардан басқа адамдар осы актiлерде тiкелей көзделген жағдайларда - қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта, ал қалған жағдайларда жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

4. Әкiмшiлiк жаза қолдану құқығы берiлген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға әкiмшiлiк жаза қолданудың орнына, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруi мүмкiн.

5. Тәртiп туралы жарғылардың күшi қолданылатын темiр жол, теңiз, өзен көлiгi мен азаматтық авиацияның қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мынадай құқық бұзушылық жасағаны үшiн осы жарғыларға сәйкес:

темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 439, 440, 441-баптарында, 477-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;

теңiз көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 441, 448, 449, 450-баптарында, 477-бабының екiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;

өзен көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 441, 450-453, 455-баптарында, 477-бабының екiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;

азаматтық авиация қызметкерлері - осы Кодекстің 443, 446-баптарында, 447-бабының бірінші бөлігінде, 477-бабының үшінші бөлігінде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауаптылықта болады.

 

36-бап. Заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы

1. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде  көзделген жағдайларда заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

2. Егер осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

3. Егер осы Кодекстiң нормаларында олар жеке адамға немесе заңды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мәнi бойынша олар тек жеке адамға қатысты және соған ғана қолданылуы мүмкiн жағдайларды қоспағанда, осы нормалар жеке адамға және заңды тұлғаға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады.

3-1. Егер осы Кодекстің нормаларында олардың шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе өзге ұйымдарға қолданылатыны көрсетілмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша олар шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылады.

3-2. Әкімшілік жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылатын жағдай­ларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырылатын қызмет түріне, қызметкерлердің санына және активтердің бір жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта  не ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікте болады.

4. Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

37-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және

азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы

1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

1-1. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшілiк жауапқа тартылады.

2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

5-тарау. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар

38-бап. Қажеттi қорғану

1. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

2. Өздерiнiң кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бiрдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттiк органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгi болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесiлi болады.

3. Қол сұғу сипаты мен дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, осының нәтижесiнде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтiру қажеттi қорғану шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

4. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен асып кеткен адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс емес.

39-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау

1. Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

2. Адамға қажеттiлiктен асып, шектен тыс, жағдайдан туындамаған айқын зиян келтiрген кезде, олардың ұсталған адам жасаған қол сұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сәйкес келмеуi қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолданушылық деп танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

3. Қол сұғушылықты жасаған адамды ұстау құқығына оған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.

40-бап. Аса қажеттiлiк

1. Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен асуға жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

2. Қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген, жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтiрген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

41-бап. Негiздi тәуекел

1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

2. Егер тәуекелмен байланысты емес iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) аталған мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуiн болдырмау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел негiздi деп танылады.

3. Егер тәуекел адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрумен, экологиялық апатпен, қоғамдық жұтау немесе өзге де аса ауыр зардаптармен көрiнеу ұштасса, тәуекел негiздi деп танылмайды.

42-бап. Күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу

1. Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

2. Санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз iс-әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 40-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.

43-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау

1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.

2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болдырмайды.

6-тарау. Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық

ықпал ету шаралары

 

44-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары

1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.

2. Әкiмшiлiк жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян тигiзудi мақсат тұтпайды.

3-1. Әкімшілік жаза мүліктік залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянның орны осы Кодекстің 64-бабында көзделген тәртіппен толтырылады.

 

45-бап. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:

1) ескерту жасау;

2) әкiмшiлiк айыппұл салу;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті  тәркiлеу;

5) арнаулы құқықтан айыру;

6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

8) заңсыз  салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

9) әкiмшiлiк қамауға алу;

10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.

Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген жағдайларда қолданылған әкiмшiлiк жаза түрлерi туралы ақпарат уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiнiң талонына енгiзiледi.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6), 8) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.

46-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалау шаралары

1. Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

2. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

47-бап. Ескерту

Ескерту әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

48-бап. Әкімшілік айыппұл

1. Әкімшілік айыппұл (бұдан әрі - айыппұл) - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.

Осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген салық міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақтылы ауда­рылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасының процентімен не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерімен не монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының процентімен көрсетіледі.

2. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмайды.

Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.

Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.

3. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.

5. Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.

6. Заңды тұлғаларды шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

49-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою

1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою, оны судья қаулысының негізінде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен кейіннен өткізуден тұрады. Осындай затты өткізуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткізу жөніндегі шығыстарды шегере отырып, меншік иесіне береді.

2. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

3. Өтемiн төлеп алып қою осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн.

 

50-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік

құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүліктi тәркілеу

1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу оларды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз өндіріп алудан тұрады.

Меншік иесіне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелігінен алып қою тәркілеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншігіне өндіріп алынуға немесе жойылуға тиіс.

2. Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қана тәркіленуге жатады.

3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркілеуді аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

4. Тәркілеуді судья қолданады және ол осы бөлімнің ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкін.

 

51-бап. Арнаулы құқықтан айыру

1. Нақты адамға берiлген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртiбiнiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылады.

2. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады.

3. Көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс.

3-1. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі алты айдан екі жылға дейін болуы мүмкін.

3-2. Алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін құқықтан айыру мерзімі екі жылдан он жылға дейін болуы мүмкін.

4. Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.

5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дәрілерін және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

52-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан

(куәлiктен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр

iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру

1. Жеке тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметтi жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.

2. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.

3. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  алып тасталды

4. Кредиттік бюроны қоспағанда, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреттері шегінде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырады.

53-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін

тоқтата тұру не оған тыйым салу

1. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша тек сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi.

2. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды.

3. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.

4. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешiмiнсiз ерекше жағдайларда, талап қою өтiнiшiн сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге жол берiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.

5. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  алып тасталды

54-бап. Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты

мәжбүрлеп бұзып тастау

Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды, осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.

55-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу

1. Әкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда жеке адамға қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері  және осы Кодекстің ерекше бөлігінде көзделген басқа да құқық бұзушылықтар үшін - он бес тәулікке дейінгі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерін жасағаны және (немесе) төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге тағайындайды.

2. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  алып тасталды

3. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға болмайды.

4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне қосылады.

 

56-бап. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік

жолмен кетіру

1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіруді судья осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген тәртіп пен негіздер бойынша әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданады.

2. Егер әкімшілік іс жүргізу барысында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру түріндегі әкімшілік жазалау шарасы қолданылуы мүмкін адам, өзіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда осы адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 185-бабында белгіленген тәртіппен хабарлама немесе өтініш бойынша шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырылады.

 

57-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкiмшiлiк-құқықтық ықпал етудiң мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн:

1) жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру;

2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза тағайындаумен қатар, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстiң , көзделген негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықтан босату кезiнде соның орнына қолданылуы мүмкiн.

  

58-бап. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеру

Осы Кодекстің (сегізінші бөлігінде), 461-1 (екінші бөлігінде), (төртінші бөлігінде), (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде) – баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.

Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің аталған баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) шығарады.

 

59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған маскүнемдiкпен,

нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратындарға

медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану

1. Созылмалы маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркiмен емделуден жалтарған адам басқа жеке тұлғалардың  құқықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындауы мүмкiн.

2. Мәжбүрлеп емдеу мерзiмi маман наркологтардың ұсыныстары ескерiле отырып белгiленедi, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс.

3. Мәжбүрлеп емдеудi тоқтатуды сол адам емделiп жатқан емдеу мекемесi жүргiзедi.

7-тарау. Әкімшілік жаза қолдану

60-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы

ережелерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.

2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.

3. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, соның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.

6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мүмкiн.

61-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты

жеңiлдететiн мән-жайлар

1. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады:

1) кiнәлi адамның өкiнуi;

2) кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;

6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;

7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау.

8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.

62-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты

ауырлататын мән-жайлар

Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;

2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;

3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;

4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы;

5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;

9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.

63-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде

әкiмшiлiк жазалар қолдану

1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.

2. Егер адам бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол iстердi бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, бұл адамға белгiлi бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғарғы шегiнен асыруға болмайды. Әкiмшiлiк қамауға алудың ең ұзақ мерзiмi мұндай жағдайларда отыз тәулiктен, ал төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк қамауға алу қырық бес тәулiктен аспауға тиiс.

3. Егер әкiмшiлiк айыппұлдар заң актiлерiнде белгіленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының процентiмен көрсетiлген жағдайда, оларды бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салған кезде, айыппұл әрбiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бөлек өндiрiлiп алынады.

64-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу

1. Судья мүліктік зиян келтірген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келіп, егер зиянның мөлшері туралы дау болмаса, әкімшілік жаза қолдану туралы мәселені шешумен бір мезгілде осындай зиянды өндіріп алады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген мүліктік зиянның мөлшері туралы даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.

2. Өзге уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік зиянды өтеу, кінәлі адам оны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүргізіледі.

3. Іскерлік беделді қорғау немесе әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздемелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.

 

65-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу

Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi тәулiктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаға берiлген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауға тоқтата тұру мерзiмi - жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

66-бап. Адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.

8-тарау. Әкімшілік жауаптылықтан және

әкімшілік жазадан босату

67-бап. Iс-әрекетiмен өкiнгендiгiн бiлдiруiне байланысты әкiмшiлiк

жауаптылықтан босату

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған адамды, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейiн келтiрiлген залалды өз еркiмен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтiрiлген залалды өзге де жолмен ретке келтiрсе, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

68-бап. Құқық бұзушылық елеусiз болған жағдайда әкiмшiлiк

жауаптылықтан босату

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян елеусiз болған жағдайда судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектелiп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босата алады.

Ескерту. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.

69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк

жауаптылықтан босату

1. Адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн - оны жасаған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.

2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде жеке кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.

3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.

4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзген және бұл туралы қылмыстық iстi тергеу немесе сотта қарау барысында мәлiм болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 387-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi адамға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.

4-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.

Бұл мерзімдерді есептеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға уәкiлеттi органға кемшiлiктердi жою үшiн іс қайтарылған жағдайларда қайтадан басталады.

5. Құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

6. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiн адам жаңадан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.

7. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.

Ескерту. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген белгiлi бiр әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.

  

70-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан

рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан  рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер ол әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.

2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке белгiлi емес адамдар тобына қатысты шығарады.

71-бап. Жағдайдың өзгеруiне, науқастануға байланысты әкiмшiлiк

жауаптылықтан босату

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекет жасаған адам жағдайдың өзгеруiне, сондай-ақ әкiмшiлiк жазаны орындауға кедергi келтiретiн науқасына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

71-1-бап. Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты

әкімшілік жауаптылықтан босату

1. Осы Кодекстің , сондай-ақ 131, 158, 158-1, 158-2-баптарында, 174-бабында (үшінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен бітімгершілікке келгеннен кейін тоқтатылуға жатады.

2. Бітімгершілікке келу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.

 

9-тарау. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

73-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың

ерекшелiктерi

1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері осы Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.

2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.

3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкiмшiлiк қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 45 және 57-баптарында аталған әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.

74-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану

1. Осы Кодекстiң 61 және 62-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.

2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.

75-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және

әкiмшiлiк жазадан босату

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.

76-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары

1. Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал етудiң мынадай шаралары тағайындалуы мүмкiн:

1) заңды түсiндiру;

2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың, не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;

3) келтiрген зиянды реттестiру мiндетiн жүктеу;

4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.

2. Заңдарда тәрбиелiк ықпал етудiң өзге де шаралары көзделуi мүмкiн.

3. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде тәрбиелiк ықпал етудiң бiрнеше шаралары тағайындалуы мүмкiн.

77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны

1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.

2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады.

3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.

4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы да қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.

78-бап. Ескiру мерзiмдерi

Осы Кодекстiң 69-бабында көзделген ескiру мерзiмдерiнiң кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысы қысқартылады.

79-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп

есептелетiн мерзiм

Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.

9-1-тарау. Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қаты­настар саласындағы

әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар

 

79-1-бап. Ұрып-соғу

Тән ауруына ұшырататын, бiрақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 105-бабында көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

79-2-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен алып тасталды  

79-3-бап. Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян

келтiру

Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру, егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

 

79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру

Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер

1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —

айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейін­гі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейін­гі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп:

бірге тұратын немесе тұрған;

некеде тұрған;

бұрынғы ерлі-зайыптылар;

жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар түсініледі.

Ерекше бөлім

10-тарау. Жеке адамның құқықтарына қол

сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

80-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға

кедергi келтiру

Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергi келтiретiн заңсыз iс-әрекеттер жасауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

81-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

Лауазымды адамның тiл бiлмеймiн деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтiнiштердi немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

82-бап. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу

Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлге байланысты себептер бойынша кемсiту, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

83-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау құқығын шектеу

Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн шекаралық өңiрлердi және жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың iс-әрекетi не әрекетсiздiгi, егер бұл қылмыс жасады деген айыптаумен байланысты болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

84-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол сияқты

ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын

заңсыз шектеу

1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, белгіленген тәртіппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткізетін ақпаратты шектеулі қол жеткізілетін ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасауы, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

85-бап. Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын

сақтамау және оны сапасыз көрсету

1. Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды aдамдарғa оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға жиырмадан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға жиырмадан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не аккредиттеу туралы сертификатты тоқтата тұрып немесе кері қайтарып алып, айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

85-1-бап. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық

туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін

бұзуы

1. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

85-2-бап. Медицина қызметкерінің рецепттер жазу және дәрілік

заттарды өткізу ережелерін бұзуы

1. Медицина қызметкерінің рецепттер жазу және дәрілік заттарды өткізу ережелерін бұзуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

86-бап. Қылмыс жасады деген кінәлілік туралы мәліметтердi

тарату

Істі сот қарағанға дейін немесе ақтау үкімі болған кезде адамның қылмыс жасады деген кінәлілігі туралы мәліметтерді көпшілікке тарату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

87-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, —

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға не қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.

2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе, оларды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.

 

87-1-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы

заңнаманы бұзу

Лауазымды адамның және заңды тұлғаның, осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзуы, -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақы төлемдерiн, аударымдар мен алып қоюларды белгiленген мерзiмдерде уақтылы жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -

лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:

салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;

салық органдарына әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектердiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;

салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;

есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;

жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстамауы (есептеп қоспауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы) түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы, -

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан

Республикасының заңдарын бұзу

1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жеке кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақытында аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

89-бап. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау

ережелерін бұзу

1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жазатайым жағдайға әкеп соқпаған бұзуы, -лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазатайым оқиғаға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көрінеу қауіп төндірсе, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

90-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жөнiндегi келiссөздерге

қатысудан жалтару

Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе аталған келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмде қамтамасыз етпеу, -

келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

91-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту

Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту, -

ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

92-бап. Ұжымдық шартты, келiсiмдi орындамау немесе бұзу

Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердi орындамау немесе бұзу, -

ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

93-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың,

келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi

ақпарат бермеу

Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу, -

ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

94-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзу

1. Жеке және заңды тұлғалардың халықты жұмыспен қамту туралы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзден онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекет­сіздік), —

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

95-бап. Мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқықты

iске асыруға кедергi келтiру

Мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа заңдарда көзделмеген талаптарды және белгiленген тәртiппен бекiтiлмеген бiлiктiлiк талаптарын қою, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

96-бап. Жеке тұлғаның  берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау

Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген адамға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

97-бап. Ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу

Мәжбүрленушiнiң тәуелдi жағдайын пайдалана отырып ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

11-тарау. Азаматтардың сайлау құқықтарына

қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

98-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум

комиссиясына) қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс

етпеуi немесе комиссияның шешiмiн орындамауы

Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум комиссиясына) оның жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссия өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдi олардың орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

99-бап. Үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу

Қазақстан Республикасының заңдарымен сайлауға (республикалық референдумға) байланысты үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

99-1-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына

кедергi келтiру

Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрген адамдарына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру - азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

100-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу

жалған мәлiметтер тарату

Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесiне ықпал ету мақсатында олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - отыз бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

101-бап. Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң,

сенiм бiлдiрiлген адамның және байқаушының құқықтарын бұзу

Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң, сайлаудағы кандидаттардың, саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының және байқаушылардың құқықтарын бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

102-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу

Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылардың республикалық референдумға қатысу құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не сайлаушылар тiзiмiндегi қателiктер туралы өтiнiштi заңдарда белгiленген мерзiмде қарамауы, не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгiзу туралы өтiнiштi қабылдамау себептерiн баяндай отырып азаматқа жазбаша түрде жауап қайтарудан бас тартуы, не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн белгiленген мерзiмде орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

102-1-бап. Сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер,

сондай-ақ сайлаушылардың дәйектемесiз

тiзiмдерiн беру

1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылардың тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер беруi -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың дәйектемесiз тiзiмдерiн беруi -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

102-2-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу

Тең сайлау құқығы туралы талаптарды екi рет не одан да көп немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу -

айлық есептiк көрсеткіштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

 

102-3-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың,

шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық

ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн

ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға,

сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге

кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін

қызметтi жүзеге асыруы

Шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, -

жеке тұлғаларға Қазақстан Pecпубликасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу арқылы немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткіштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық eceптiк көрсеткiштiң төрт жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

103-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау

мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған

бюллетеньдердi) беру

Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң беруi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

104-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға) қатысу

үшiн демалыс беруден бас тартуы

Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттiк өкiмет, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына (республикалық референдумға) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге қатысу үшiн заң актiлерiнде көзделген демалысты беруден бас тартуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

105-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдында үгiт

жүргiзу шарттарын бұзу

Бас редактордың, журналистiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы лауазымды адамының сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) көзделген сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзуы, -

азаматтар мен лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

106-бап. Бүркеншiк үгiт материалдарын әзiрлеу немесе тарату

Мемлекеттiк өкiмет органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде, басып шығарған ұйымдар, шығарылған жерi, таралымы туралы және шығарылуына жауапты адамдар туралы ақпараты жоқ үгiттiк баспасөз және электрондық материалдарды әзiрлеу немесе тарату, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

107-бап. Үгiт материалдарын қасақана жою, бүлдiру

Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың меншiк иесiнiң немесе осы объектiлердiң өзге иесiнiң келiсiмiмен ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектiлерге iлiнген үгiттiк материалдарын қасақана жою, бүлдiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

108-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге

қаражат жұмсау туралы есептердi бермеу немесе жарияламау

Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттың, сайланған адамның, не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қорының қаражатын пайдалану туралы есептi бермеуi, -

депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа, сайланған адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

108-1-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын

қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық

көмек көрсету

Кандидаттарға, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан бөлек қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

109-бап. Сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не саяси

партияның шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан және

азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы

Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдіктерден және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды  тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы, -

депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға, қайырмалдық заттарын тәркiлей отырып, елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

109-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға,

саяси партияларға олардың жазбаша

келiсiмiнсiз қызмет көрсетуi

Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызмет көрсетуi -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

110-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау нәтижелерi

туралы мәлiметтердi табыс етпеу не жарияламау

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенiм бiлдiрген адамына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға Республиканың заңдарына сәйкес табыс етiлуге мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi табыс етпеуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлауда (республикалық референдумда) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы,-

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

110-1-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау

салу iсiн жүргiзу шарттарын бұзу

1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртiбiн бұзу -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол

сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

111-бап. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды

тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

1. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, -

ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

111-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық

бұзушылық жасауға тарту

1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

112-бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзу

Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

113-бап. Кәмелетке толмағандарға алкоголь iшiмдiктерiн сату

Он сегiз жасқа толмаған адамдарға алкоголь iшiмдiктерiн сату, -

айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 114-бап. Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекi

бұйымдарын сату

1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге отыз айлық есеп­­тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

115-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi

әзiрлеуге тарту

1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -

аталған өнiмдi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың

отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке

толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбi мен

мерзiмдерiн бұзу

Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбiн не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

117-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз қызмет

Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13-тарау. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

118-бап. Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу

Мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жерді уақтылы қайтармау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

119-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен алып тасталды  

120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудің

белгіленген тәртібін бұзу

Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудің белгіленген тәртібін бұзу, сол сияқты оған өзгерістерді заңсыз енгізу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

121-бап. Арнаулы белгілерді жою

1. Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін жою, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жер асты суларын байқаушы және режимдік ұңғыларды, су объектілеріндегі байқаушы режимдік тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық және нивелирлік пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

  

122-бап. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу

Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмілелер жасау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

123-бап. Кен орны учаскелерін іріктеп өңдеу

1. Кен орны учаскелерін пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысырабына әкеп соғатын іріктеп өңдеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кен орны учаскелерін өңдеу жөніндегі жобалық шешімдерді қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғатын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

124-бап. Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу

1. Су объектілерін заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын басқа біреуге беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лимиттерді бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргізу, су объектілерінен алынған немесе бөлінген жер асты және жер үсті суларын қырсыздықпен пайдалану, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

 

 

125-бап. Орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзу

Орман қоры учаскелерін орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзатын сатып алу-сату, сыйға тарту, кепілге салу, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын басқа біреуге заңсыз беру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

126-бап. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік

меншік құқығын бұзу

1. Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін өсімдіктер дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

127-бап. Энергияны немесе суды заңсыз пайдалану

Электр не жылу энергиясын, су құбырлары желілерінен суды заңсыз қосу, пайдакүнемдік мақсатта пайдалану, сол сияқты кәріздік желілерге заңсыз қосу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік

үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, интегралдық

микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу

1. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің, интегралдық микросхема топологиясының мәнін олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адам­дарға — жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

129-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу

1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің oннaн жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес туындылар мен фонограммалардың тәркіленген даналары, авторлық немесе сабақтас құқықтар иесіне оның өтініші бойынша берілетін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 628-бабында көзделген тәртіппен жойылуға тиіс.

 

130-бап. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер

төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация

жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiнсiз және осы органдардың нұсқауы бойынша ескерткiштердiң паспорттандырылуы мен сақталуын анықтау жөнiндегi алдын ала шараларды жүзеге асырмай, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу; ескерткiштердi қорғау өңiрлерiнде жер, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк ескерткiштердi қорғау органдарының рұқсатынсыз бұл өңiрлерде шаруашылық қызметпен айналысу, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдардың ескерткiштердi қорғау жөнiндегi ережелердiң бұзылуын жою туралы нұсқамаларын орындамау, -

жеке тұлғаларға - жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып не онсыз айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

131-бап. Егiстiктер мен екпелердi басып өту

1. Автомобильмен не трактормен, комбайнмен немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинамен егiстiктердi немесе екпелердi басып өту,-

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Егiстiктердi немесе екпелердi күш көлiгiмен басып өту, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

132-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды   

133-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды   

134-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды   

134-1-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды қайтару мерзімдерін

бұзу

Мемлекеттік заттай гранттардың инвестициялар туралы заңнамада белгіленген қайтару мерзімдерін бұзу, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

135-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды   

135-1-бап. Лауазымды адамның және ұйым басшысының өзiне сенiп

тапсырылған объектiлердiң (мүлiктiң) қауiпсiздiгi мен сақталуын

қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше

орындамауы

1. Лауазымды адамның, сол сияқты мемлекеттiк орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы болып табылмайтын ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған Қазақстан Республикасының ерекше маңызды мемлекеттiк, стратегиялық объектiлерiнiң және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiздiгi мен сақталуының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекет­сіздік),-

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

136-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау

1. Ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксiз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

2. Ұсақ-түйектеп ұрлау:

1) бiр топ адамдар қатысып;

2) бiрнеше мәрте;

3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кiру арқылы жасалса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

Ескерту.

1. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.

2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бiр немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң , , немесе көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бiрнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.

14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

137-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды   

138-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен алып тасталды   

139-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  

140-бап. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету

немесе жіберу ережелерін бұзу

1. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан

Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау

тәртiбiн бұзу

Пошта ұйымдарының, темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

142-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  

143-бап. Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен

айналысу

Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ түрлерімен айналысу, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету

ережелерін бұзу

Белгіленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрініс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық  атауды заңсыз пайдалану

1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —

тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасы­ның, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауар­лар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер,—

тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасы­ның, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауар­лар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлше­рінде, лауазымды адамдарға — елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер:

1. Осы бапта көрсетілген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәркілеу тауардан, оның орама­сынан, бланкілерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауының дайындалған бейнесін, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгіні жою мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.

2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес тәркіленген тауарлар құқық иеленушінің өтініші бойынша оған берілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 628-бабында көзделген тәртіппен жойылуға тиіс.

 

146-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып

147-бап. Нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдерi

(келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық)

жағдайды теріс пайдалану

Нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалану, -

дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

147-1-бап. Мемлекеттік монополия туралы заңнаманы бұзу

Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, -

мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезінде нарық

субъектілерінің заңсыз іс-әрекеттерi

Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектілерінің оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

147-3-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін орындамау.

Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және

үй-жай мен аумаққа кіруге кедергі жасау

Шешімді (нұсқаманы) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргізетін лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кіруіне кедергі жасау, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

147-4-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті,

жосықсыз бәсеке

1. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жосықсыз бәсеке -

дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

147-5-бап. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу

Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар туралы заңнамамен белгіленген шектеулерді сақтамауы, табиғи монополия субъектісінің міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын өзге де бұзуы -

дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

148-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  

149-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  

150-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды   

151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы

Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының  дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

152-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  

153-бап. Тексеруді заңсыз жүргізу

1. Тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу, сол сияқты тексерудi негiзсiз тағайындау, тексерудi арнайы акт шығармай және оны уәкiлеттi органда тiркемей жүргiзу, -

лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға  дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

154-бап. Жалған кәсiпкерлiк

Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру, -

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

155-бап. Банкроттық кезiндегi құқыққа қайшы әрекеттер

1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсіпкердің, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз бо­рышкердің мүлкі мен істерін басқару функ­циялары берілген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -

борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге не конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

155-1-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республи­ка­сының банкроттық туралы заңна­масын бұзуы

1. Конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:

кредиторлар комитетінің құрамын уақтылы қалыптастырмауы;

борышкер алдында берешегі бар адамдарға осы берешекті өтеу туралы талап қоймауы;

әдейі және (немесе) жалған банкрот­тық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;

Қазақстан Республикасының бан­крот­тық туралы заңнамасында көрсе­тілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анық­талған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;

Қазақстан Республикасының бан­крот­тық туралы заңнамасына сәйкес мә­лімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;

кредиторлардың талаптарын қанағат­тандырудың белгіленген тәртібін бұза оты­рып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;

сауда-саттық жүргізу туралы ақпа­раттық хабарды жариялау тәртібін бұзуы;

борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып, борыш­кердің мүлкін сатуы;

кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;

әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, –

банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Оңалтушы басқарушының Қазақ­стан Республикасының банкроттық тура­лы заңнамасын:

Қазақстан Республикасының бан­крот­тық туралы заңнамасында көрсе­тілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анық­талған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;

Қазақстан Республикасының бан­крот­тық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;

кредиторлардың талаптарын қана­ғат­тандырудың белгіленген тәртібін бұза оты­рып, олармен есеп айырысулар жүр­гізуі;

дәрменсіз борышкерді оңалту жос­парын орындамауы;

егер борышкердің оңалту рәсімін енгізгеннен кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма процентінен асса, борышкердің ақшалай жаңа міндеттемелерін тудыратын мәмілелерді, кредиторлар комитетінің келі­сімінсіз жасауы;

кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;

әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, –

банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:

борышкердің негізгі құрал-жабдық­тарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орын­далуы борыш­керге залал келтіруге әкеп соғатын, на­рықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша басқа да мәмілелер жасауына қатысты іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келіспеуі, қайта ұйымдастыру жүргізуі;

сырттай байқау рәсімінде әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына хабарламауы не борыш­кер­ге оның қаржылық жағдайын нашар­латқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоймауы түрінде бұзуы, –

банкроттық рәсімдерде төлем қабі­леті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жү­зеге асыру құқығына берілген лицен­зияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкім­шілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әре­кеттер (әрекетсіздік), –

банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

156-бап. Әдейі банкрот болу

Әдейі банкрот болу, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің өз мүдделерін немесе өзге адамдардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –

лауазымды адамдарға, дара кәсіп­керлерге – айлық есептік көрсеткіштің сек­сеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз елуден жеті жүз елуге дейінгі мөлше­рінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

157-бап. Жалған банкроттық

Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз елуден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

158-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын,

кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған

кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн

бұзу

Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

1. Меншiк иесiне немесе, заң актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.

2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.

158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу

Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -

елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпия­сын сақтау міндетін бұзу

Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мә­ліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қыз­меттік міндетіне байланысты өзіне мәлім болған адамның олардың иесінің келісімінсіз бұзуы, —

айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

159-бап. Тұтынушыларды алдау

1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттері немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып және қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртiбiн бұзу

1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ  жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң  отыздан  елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ  жеке тұлғаларға , ұйымдарға сатуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу

саласындағы заңнамасын бұзу

1. Сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шығарылған жері, дайындаушылары, тұтыну қасиеттері, кепілдік берілген міндеттемелер және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпарат бермеу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыру тәртібін бұзу, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Базар әкімшілігінің базар аумағын уақтылы тазартуды және абаттандыруды қамтамасыз ету, базарда санитарлық күн өткізу және базар аумағындағы объектілерге және сауда орындарын энергиямен, сумен, жылумен жабдықтауға қатысты сервистік қызмет көрсету жөніндегі талаптарды бұзуы, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқық­қа қайшы пайдалану,-

тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың бірінші - төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -

тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi

қабылдаудан бас тарту

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, -

жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапта аталған сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.

 

162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау

Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -

аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

163-бап. Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы

ережелерін бұзу, сол сияқты белгіленген

стандарттарға сәйкес келмейтін этил спирті мен

алкогольді өнімді өндіру

1. Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы ережелерін бұзу, сол сияқты тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін этил спирті мен алкогольді өнімді өткізу мақсатында өндіру, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкім­шілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей ныса­насы болатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

163-1-бап. Темекі бұйымының маркасын пайдалану

1. Темекі бұйымдарының өздерін немесе темекі бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзінде темекі бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

163-2-бап. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары  туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу

1. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу, -

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіп­керлерге – он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерін­де, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан он бес­ке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіп­керлерге – жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын не­ме­се орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұл­ғаларға – отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату

1. Осы Кодекстің 317, 317-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елі туралы, дайындаушысы, жеткізушісі немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде анық және жеткілікті ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау

Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін

қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес

төлемдерді толық және уақтылы төлемеу

Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

166-1-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын

қабылдаудан бас тарту

1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбастаудан бас тартуы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының  конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, —

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін уақтылы жібермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық құжаттаманы уақтылы жарияламау, —

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, — лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімін, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ аталған өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын өзгерту, — лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Сауал салуды жіберу, сол сияқты конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өті-німді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты іс-әрекеттер, – лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) солар тартатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу, сол сияқты әлеуетті өнім берушіні және (немесе) солар тартатын қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай емес деп негізсіз тану, —

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негізінде конкурстық комиссияның заңсыз шешім қабылдауы, —  жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің анықталған фактілері туралы уақтылы хабарламау, —

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруінің анықталған фактілері туралы мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органды хабардар етпеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді бермеу, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат бергені туралы көрінеу жалған ақпарат беру, —

лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Осы баптың бірінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), — лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Осы баптың екінші және сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, — жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

Осы бапта лауазымды адамдар деп:

бірінші бөлікте — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен  өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы әзірлеуге тікелей қатысатын адамдарды;

екінші бөлікте — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен  өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

үшінші бөлікте — тапсырыс берушінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды;

төртінші және бесінші бөліктерде — конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;

алтыншы бөлікте – конкурстық комиссияның мүшелерін;

сегізінші  және тоғызыншы бөліктерде — тапсырыс берушінің немесе сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының басшысын және (немесе) олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.

167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар

және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы

заңдарының талаптарын бұзу

1. Кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ақпарат берушінің кредиттік тарихтың субъектісі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға беруі және (немесе) кредиттік есепті алушының ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті беру туралы сауал беруі, сондай-ақ оны қате ресімдеу -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ақпарат берушінің кредиттік тарих субъектісінен алған ақпаратты бұрмалауы -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

168-бап. Валюталық бақылау агентінің функцияларын тиісінше  орындамау

1. Валюталық бақылау агенттерінің операция­ларын жүргізу кезінде, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының талаптарын сақтауын тиісінше бақыламауы, —

заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етілетін клиенттердің валюта операциялары бойынша есептілікті табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты дұрыс емес есептілікті табыс етуі, —

заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —

орта кәсіпкерлік субъектілері болып табыла­тын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсет­кіштің елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заңнама

талаптарын бұзу

1. Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттік ұйымдар туралы заңнамаға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабілеттілігі шегінен тыс операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының отыз процентіне дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының елу процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының

талаптарын бұзу

1. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -

жеке тұлғаға -айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері жө­ніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес табыс етілуі талап етілетін мәліметтерді және (немесе) есеп­тілікті табыс етпеуі, сол сияқты әлденеше рет (қа­та­рынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуі не дұрыс емес мәліметтерді және (немесе) есептілікті табыс етуі, —

лауазымды адамға — айлық есептік көрсеткіш­тің екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi, 1-1 және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -

заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін банктердің әлденеше рет (қатарынан күнтізбелік үш айдың ішінде екі және одан да көп рет) бұзуы, -

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -

заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жөнiндегi талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептiлiк жасауы, -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -

лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Клиенттермен жасалатын шарттарда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы ставкаларын көрсету жөніндегі, сондай-ақ қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндеттерін орындамауы,-

лауазымды адамға - отыз айлық, заңды тұлғаға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

169-бап. Клиенттерге, кредит берушiлерге және заемшыларға банк

қызметiн көрсетуге байланысты талаптарды бұзу

1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, -

заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, -

заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы, -

заңды тұлғаға - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Респуб­ликасының заңнамалық актілерінде белгіленген ақша алу кезектілігін бұзуы, —

заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, төлем немесе ақша ауда­ры­мы жөніндегі нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптарды орындамауы, сон­дай-ақ шот иесінің банк шотына ақшаны есептемеуі, —

заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаулар, ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптар не ақшаны есептеу жөніндегі нұсқаулар сомасының он процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

169-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық,

қола және қаржы вексельдерiн шығару

Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару, -

жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

170-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,

ашық жинақтаушы зейнетақы қорының немесе банк

холдингінің ірі қатысушысы белгілерін заңсыз алуға

байланысты бұзушылықтар

1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банк холдингі белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -

заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

170-1-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,

жинақтаушы зейнетақы қорларының заңды тұлғалардың жарғылық

капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуына

байланысты бұзушылықтар

1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттерді қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуы, -

лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi органның алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не иемденiп алуы, -

лауазымды адамдарға - үш жүз, заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

171-бап. Уәкілетті органға банк заңнамасына немесе

зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес

табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс

етпеуге, сол сияқты уақтылы табыс етпеуге немесе

мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуге байланысты

бұзушылық, не дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты)

табыс ету

Банктің, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың аффилиирленген тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуі, сол сияқты уақтылы табыс етпеуі немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуі не олардың дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс етуі -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

172-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы

активтерiн мақсатсыз пайдалану

1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңдарда белгiленген зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiн бұзуы, -

лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кастодиан-банктiң мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы, -

кастодиан-банктiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын

таратуға байланысты талаптарды бұзу

1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясының қызметiне уәкiлеттi органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген есептiлiк пен қосымша ақпаратты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

172-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ықпал етудің

шектеу шараларын қолдану арқылы жүктелген

міндеттемелерді орындамауы

Жинақтаушы зейнетақы қорларының өздеріне уәкілетті орган ықпал етудің шектеу шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттемелерді орындамауы, -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

173-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген талаптарды бұзу

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң уәкiлеттi органға есеп-қисапты не сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган сұратқан өзге де ақпаратты дер кезiнде табыс етпеуi, табыс етпеуi не анық емес етiп табыс етуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Өзара сақтандыру қоғамының уәкілетті органға Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептілікті не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы табыс етпеуі, табыс етпеуі не дұрыс емес есептілік пен ақпаратты табыс етуі -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оны тiркеу үшiн бiрлескен қызмет туралы шартты уәкiлеттi органға табыс етпеуi не дер кезiнде табыс етпеуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң  екі жүзден төрт жүзге дейінгі  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет (үзiлiссiз күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi рет және одан да көп) бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң  екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұза отырып жүзеге асыруы,

мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыстың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-1. Өзара сақтандыру қоғамының мәмілелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісін бұза отырып жүзеге асыруы -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң сақтанушы жағдайын сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарымен салыстырғанда нашарлататын жағдайда мiндеттi сақтандыру шартын жасауы және ол бойынша мiндеттемелердi орындауы, -

елу айлық есептік көрсеткіш  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды заңдарда белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған құрылымының орналасқан орнының өзгеруi немесе атауының өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына тиiсiнше құжаттау, құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшiрмесiн орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алудың және сақтаудың, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзуы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, сақтандыру брокерiнiң, сондай-ақ оларға қатысушылардың (құрылтайшылардың), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларының уәкiлеттi органға мәлiметтердi дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес мәлiметтердi табыс етуi, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы, -

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң бухгалтерлiк есептi бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып жүргiзуi, -

лауазымды адамға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаға тиісінше есепке алынбаған соманың бес проценті мөлшерінде, бірақ жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiк көрсеткiштерiнiң не пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң сақталуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есеп-қисап жасауы, -

лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Актуарийдiң сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заң талаптарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлерi туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды

15. Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу,

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы

жүз айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салуға әкеп соғады.

174-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен және

орындаумен байланысты талаптарды бұзуы

1. Сақтандыру полистерiн немесе сақтандырумен байланысты өзге де құжаттарды, не аударылған құжаттардың есепке алынбаған бланкiлерiн заңсыз өткiзудi жүзеге асыру, -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау, -

заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту, -

заңды тұлғаға әрбiр жоғалған құжат үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

175-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзу

1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі  мөлшерінде, заңды тұлғаға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сактандыру шартын жасасудан жалтаруы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

175-1-бап. Қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлері

лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне

қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында

белгіленген талаптарды бұзу

Қаржылық ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) тәртібіне қойылатын талаптарды қаржылық ұйымның бұзуы -

заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

175-2-бап. Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің

ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны

туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау,

сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын,

өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасы

заңнамасының талаптарын сақтамау

Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылғаны және олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкілдіктерін ашу кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру мен сақтандыру қызметі және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -

лауазымды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

176-бап. Кредиттi заңсыз алу не мақсатсыз пайдалану

1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттiк нысаналы кредиттi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген кредиттi тiкелей арналған мақсатқа пайдаланбау, егер бұл әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

177-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге

түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау және

республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын,

мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет

кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз

пайдалану

1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бюджет қаражатын алушылардың тиісті банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін нысанасыз пайдалану, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

177-1-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттер

қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен

кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды,

мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет

активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

177-2-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын,

байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген

қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

177-3-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау

мен табыс ету ережелерін бұзу

Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау мен табыс ету ережелерін бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

177-4-бап. Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен

мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу

Бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

177-5-бап. Шығындарды өтеу ережелерін бұзу

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеу ережелерін бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

178-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен

қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы

1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан  Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:

ірі залал келтірмей, бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару;

бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты ірі залал келтірмей, бухгалтерлік құжаттаманы жою;

жария ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтердің сертификаты жоқ адамды тағайындау түрінде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

179-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы

заңнамасын бұзуы

1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын:

бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса;

құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика органдарының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыреттеріне сәйкес оларға көрінеу дұрыс емес қаржылық есептілікті табыс ету, қаржылық есептілікті табыс етуден бас тарту, белгіленген мерзімді бұза отырып табыс ету не оны дәлелсіз себеппен табыс етпеу;

бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы жою;

жария ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтердің сертификаты жоқ адамды тағайындау түрінде бұзуы, -

шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

179-1-бап. Бухгалтерлік ақпараттың құпиясын жария ету

Коммерциялық құпия болып табылатын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың ірі зиян келтірмей, жария етуі - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

179-2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп

пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында

белгіленген аккредиттеу ережелерін бұзу

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген аккредиттеу ережелерін бұзу, -

заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы бапта көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

180-бап. Валюталық заңнамаға сәйкес талап еті­летін валюталық  операциялар бойынша есепті­лік­ті, ақпарат пен құжаттарды табыс ету тәртібін бұзу;

1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етілетін валюта операциялары бойынша есептілікті уақтылы табыс етпеуі немесе дұрыс емес есептілікті , ақпарат пен құжаттарды табыс етуі, -

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Валюта операциялары бойынша есептілікті, ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

181-бап. 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  алып тасталды

182-бап. Валюта операциялары туралы хабарлама куәлікті немесе валюта операцияларын жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу

1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар туралы хабарлама куәлікті немесе валюталық операциялар жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру  мерзімін бұзуы, —

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкім­шілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішін­де қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге — сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкер­лік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

183-бап. Аудитордың немесе өзге адамның Қазақстан Республикасының

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу

фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы

Аудитордың немесе бухгалтерлік құжаттамаға қол жеткiзе алатын өзге адамның тексеру жүргізу кезінде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -

"аудитор" біліктілік куәлігінен айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

184-бап. Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық

есепті жасауы

Аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы, -

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып не онсыз аудиторлық ұйымға айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет

туралы заңнамасын бұзу

1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы, -

аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, -

аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Өздері үшін аудит жүргізу міндетті қаржылық ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңнамасын бұзушылық туралы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу, -

аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға бір реттен артық уақтылы табыс етпеуі, -

аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға ескерту жасауға немесе оларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

184-2-бап. Аудитордың жеке мөрін пайдалануға және сақтауға

байланысты бұзушылықтар

Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгіленген жеке мөрді тиісінше сақтау және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзуы, -

аудиторға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

185-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға

көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі

Аудиторлық ұйымға аудиттелетін субъектінің аудит жүргiзiлу барысында көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын дұрыс емес немесе толық емес ақпарат табыс етуi, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

186-бап. Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару

Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -

ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

187-бап. Резиденттің валютаны репатриациялау жөніндегі

міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етпеуі

Резидент өзі тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына төлеуге алған не резидент емес міндеттемелерді мәміле талаптарында көзделген мерзімдерде орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда, тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына резидент аударған ұлттық және шетелдік валютаны уәкілетті банктегі банк шоттарына есептеуді қамтамасыз етпеуі, -

жеке және лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапта көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық есептелмеген валюта он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кеткен жағдайларда және егер осы іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса туындайды.

 

188-бап. Валюта заңнамасын бұза отырып, валюталық  операцияларды жүргізу

1. Шетел валютасын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы емес айырбас операцияларын жүргізу, резиденттер арасында тыйым салынған  валюта операцияларын жүргізу, төлемдер мен аударымдарды уәкілетті банктердегі шоттар арқылы емес жүргізу, егер мұндай талап валюта заңнамасында белгіленсе, —

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

шағын немесе орта кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға — белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жетпіс процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

189-бап. 2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен алып тасталды

190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану

Инсайдерлердің инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе оны заңсыз ашу бойынша іс-әрекеттері, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдар беру, егер олар үлкен зиян келтірмесе, -

айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

191-бап. Жарияланған акцияларды шығару проспектiсіне

өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған

құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзу

Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы, -

эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы

Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы, -

жарнама берушiге айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

193-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға дұрыс емес

мәлiметтер табыс ету

1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептi бекiтуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны, өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi алуы, сол сияқты  уәкілетті органның ықпал етудің шектеу шараларында көрсетілген талаптарын бағалы қағаздар нарығы субъектісінің орындамауы -

лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мәлiметтердi табыс етуi, -

заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы

Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарының акционерлiк қоғам iстерiн акционерлердiң басқару құқықтарын, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) , бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу тәртiбiн, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарын бұзуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Эмитенттiң лауазымды адамдарының облигациялар бойынша сыйақы төлеудiң және (немесе) оларды өтеудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу

Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

195-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау тәртiбiн бұзу

Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау

мақсатында мәмiлелер жасасу

Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша

құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу

Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, -

заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды

шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары

мен тәртiбiн бұзуы

Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, -

лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары

туралы есеп-қисапты табыс ету мерзiмiн бұзу

Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және

бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың

қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды бұзуы

Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.

198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының есеп-қисаптарды

табыс ету мерзiмiн бұзуы

Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе дұрыс емес

ақпаратты жариялауы

Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi

бұзу

Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi орындамауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін

инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың

бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзуы

Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар

туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу

1. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актісінде өзінің қызметі, инвестициялық қордың таза активтерінің құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткіштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртібін бұзуы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды бұзу

Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасының заң

актiлерiнде белгiленген шектеулердi бұзу

Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -

төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

204-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы

мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды

адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай

мiндеттемелердi қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi

1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

 

205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы

1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -

жеке тұлғаларға - төрт, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес айлық есептік көрсеткіш, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке тұрмаған әр айы үшін салық салынатын айналым сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.

 

205-1-бап. 205-1-бап. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметтi

заңсыз жүзеге асыру

1. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы режим үшін көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -

жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Дара кәсіпкердің кезекті патент алуға өтініш беру мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге бұзуы -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Дара кәсіпкердің кезекті патент алуға өтініш беру мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге бұзуы -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылған жағдайда дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініштің қолданысы кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 206-бап. Салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің мониторингін жүргізуге қажетті құжаттарды табыс етпеу

1. Салық төлеушінің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, -

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бec, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Салық төлеушінің салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мұндай есептілікті табыс ету мерзімінен тоқсан күн өткенше салық органына табыс етпеуі, -

жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушілердің мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрдегі), сондай-ақ электрондық мониторинг бойынша салық есептілігін салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не оны табыс етуден бас тартуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекет­сіздік), -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру

1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -

лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының жүз елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекет­сіздік) —

лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

208-бап. Кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу

1. Салық төлеушіде кірістер, шығыстар және салық салу объектілері есебінің болмауы немесе осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілуі, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетілмеуі, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарының және (немесе) шот-фактураларының және (немесе) тіркелімдерінің болмауы, бухгалтерлік есептің шоттарында және қаржы есептілігінде салық төлеушінің активтері мен міндеттемелерінің дер кезінде немесе дұрыс көрсетілмеуі осы баптың мақсаты үшін кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу деп түсініледі.

 

208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi

төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген)

сомасын төлеуден жалтару

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген берешектi төлеу мерзiмiнен тоқсан күннен асқан берешегi болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету

1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда, есепте кемiтiп көрсету, -

жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің үстеп есептелген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Корпоративтiк табыс салығын немесе жеке табыс салығын салу мақсатын көздеп, шеккен залал сомасын декларацияда өсiрiп көрсету, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - декларацияда өсіріп көрсетілген шығын сомасынан есептелген корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға декларацияда өсіріп көрсетілген шығын сомасынан есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының қырық проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушiнiң бюджетке төленетiн ағымдағы төлемдер сомасын кемiтiп көрсетуi, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде төленген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып түсуi ic жүзiндегi салықтың асып түскен сомасының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. алынып тасталды

6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -

патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi мақсаттар үшiн қосымша құнға салынатын салық бойынша салық мөлшерiн декларацияда кемiтiп көрсету де есепке жатқызылған, қосымша құнға салынатын салық сомасын өсiрiп көрсетудi бiлдiредi.

1-1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің үстеп есептелген сомасы да қосылған құн салығының есепке жатқызылған сомасын өсіріп көрсетуді білдіреді.

2. Екiншi бөлiкте көзделген әкiмшiлiк жазаны қолдану кезiнде осы баптың мақсаттары үшiн өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептеп шығарылған салық корпоративтiк табыс салығының ставкалары бойынша немесе жеке табыс салығының ең жоғары ставкалары бойынша айқындалатын болады.

210-бап. Салық агентiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың

(ұйымдардың) салықты және бюджетке төленетiн басқа да

мiндеттi төлемдердi ұстап қалу және (немесе) аудару

жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

1. Салық агенттерiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес ұсталып қалуға және бюджетке аударылуға тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің ұсталмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Салық агенттерiнiң және салық заңдарында белгiленген өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес бюджетке аударылуға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалған сомасын аудармауы немесе толық аудармауы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің аударылмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру

Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгізілген қосылған құн салығы сомасының жүз жиырма проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.

 

212-бап. Базар аумағына жiберу тәртiбiн бұзу

1. Базар қызметкерлерiнiң адамдарды базар аумағында тауар сатуға, жұмыс iстеуге және қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарын бұза отырып жiберуi, -

базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

213-бап. Акцизделетін тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу, тасымалдау, өндіру, декларациялау, сақтау мен өткізу ережелерін, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу

1. Акцизделетін тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу, тасымалдау, өндіру, декларациялау, сақтау мен өткізу ережелерін, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу, -

акцизделетін тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

акцизделетін тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

214-бап. Таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу

Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен ережелерін бұзу, -

таңбалау тәртібі мен ережелері бұзылып таңбаланған тауарлары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

215-бап. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн бұзу

1. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданбай не жарамсыз, салық органдарында тiркелмеген кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып, не фискалдық емес режимдегi фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып тауарларды сату немесе қызмет көрсету жолымен фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн бұзу, -

жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданған кезде салық төлеушiнiң сатып алушыға кассалық чектi бермеуi не тауар, жұмыс (көрсетiлген қызмет) үшiн төленген сома азайтылып немесе көбейтiлiп көрсетiлген чектi беруi, -

жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -

жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

216-бап. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi орындамауы

1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi:

салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық қызметi органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактiсiн растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру;

салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдердiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау;

банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөнiндегi операция жүргiзiлген күнi есептемеу (аудармау);

салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салықтар, айыппұлдар, өсiмпұлдар сомасын өндiрiп алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын бiрiншi кезекте орындамау;

салық қызметi органдарының қызметкерлерiн банк шоттары бойынша, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнiнде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруда өзгеше кедергi жасау;

салық органдарының заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөнiндегi өкiмдерiн орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметi органдарына және олардың лауазымды адамдарына қаржылық есептілікті, есептер мен салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгiлеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту;

салық органдарының сауал салулары бойынша белгiлi бiр кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi табыс етпеу;

банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдағы жыл iшiндегi қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан мен мерзiм бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi табыс етпеу түрiнде орындамауы, -

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -

алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

217-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн

жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген

мiндеттердi орындамауы

1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi:

салық төлеушiнiң (жеке тұлғалар - резидент еместерден басқа) банк шоттарын ашуы кезiнде оның тiркеу нөмiрiн есепке алмау;

салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына үш жұмыс күнi iшiнде хабарламау;

клиенттер шоттары бойынша төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай, операциялар жүргiзу;

салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тоқтатпау;

банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөнiндегi операция жасалған күнi есептемеу (аудармау);

салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тиiстi салықтарды сөзсiз аударуға қатысты нұсқауларды бiрiншi кезекте орындамау;

салық органдарының салықты және басқа да төлемдердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау түрiнде жүзеге асырмауы, -

заңды тұлғаларға салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, -

заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс ету

Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Құқық бұзушылық жасалған кездегi бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.

 

219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау

1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -

жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -

жеке тұлғаларға - он бec, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кiруiне заңсыз кедергi келтiру, -

жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -

лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану

саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

 

220-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге де

экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану ережелерiн

бұзу

1. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материал­дарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу ережелерiн бұзу, қылмыс белгілері болмаған кезде, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, арнаулы ядролық емес материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қосарлы мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге асырудың, тасымалдаудың немесе өзге де айналысудың белгiленген ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ережелердi бұзу

Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдардың және басқа да мемлекеттiк қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

222-бап. Ядролық және техникалық қауiпсiздiктiң белгiленген нормалары

мен ережелерiн бұзу

1. Атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және техникалық қауiпсiздiктiң белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу; атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, осы объект жобасында көзделген барлық құрылыстарды iске қоспай тұрып атом энергиясын пайдалану объектiсiн iске қосуға қабылдаудың талаптарын сақтамау; атом энергиясын пайдалану жабдықтары мен объектiлерiн жеткiзу, монтаждау, сынақтан өткiзу, iске қосудың, сондай-ақ пайдаланудан алудың белгiленген талаптарын бұзу, егер бұл әрекеттер адам өлiмiне немесе қоршаған ортаны радиоактивтiк зақымдауға әкеп соқтырмаса, -

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз атом энергиясын пайдалану объектiлерiнде жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ ядролық материалдармен және радиоактивтi заттармен айналысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

223-бап. Электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды техникалық

пайдалану мен қауiпсiз қызмет көрсету ережелерiн бұзу,

сондай-ақ энергия тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу

Авария қаупiне, қоршаған ортаның ластануына, өртке немесе қызмет көрсетушi адамның өмiрiне қауiптi жай-күйге әкеп соқтыратын, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды техникалық пайдалану мен қауiпсiз қызмет көрсетудiң белгiленген ережелерiн бұзу, не басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және одан ажыратуға әкеп соқтыратын энергия тұтынудың белгiленген режимiнiң бұзылуына жол беру, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

224-бап. Электр желiлерiн бүлдiру

Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде үзiлiс туғызған және залал келтiрген электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерi, жер асты және су асты кабель желiлерi, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станциялар, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттер) бүлдiру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

225-бап. Жылу желiлерiн бүлдiру

Жылу желiлерiн (құбырлар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорап станцияларын) бүлдiру, егер бұл әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң нақты қатерiне соқтырмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

225-1-бап. Электр желiлерi мен жылу желiлерiнiң күзет

аймақтарында жұмыстар жүргiзу

Қарамағында электр және жылу желiлерi бар ұйымдардың келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерiнiң күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды салуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгiнiң тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға салу, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

226-бап. Газ пайдаланудың ережелерi мен нормаларын бұзу

Газ шаруашылығы ұйымының рұқсатынсыз газ пайдалану қондырғыларына газ жiберу немесе газ тұтынудың белгiленген режимiн сақтамау, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

227-бап. Газ пайдалану қондырғыларын газдың жұмсалуын есепке алмай

пайдалану

Газ пайдалану қондырғыларын газдың жұмсалуын есепке алмай немесе газ қолдана отырып өндiрiлетiн жылу энергиясы мен өнiмдi есепке алмай пайдалану, не газ пайдалану қондырғысының жобасында көзделген газдың жану процестерiн автоматты түрде реттеу құралдарының немесе газдың ұтымды әрi тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн жылу-техникалық бақылау приборларының немесе жылуды пайдалануға жарататын жабдықтың болмауы (бұзылып қалуы), -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

228-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын қамтамасыз етуге

шаралар қолданбау

Газ тұтынушы ұйымдар үшiн көзделген резервтiкi отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету шараларын қолданбау немесе газ пайдалану қондырғыларын резервке қойылған отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

229-бап. Газ құбырлары мен олардың жабдықтарын бүлдiру

1. Газ құбырлары мен олардың жабдықтарын бүлдiру немесе газ приборларын желiге заңсыз орнату, ауыстыру, iске қосу, сондай-ақ оларды пайдаланудың ережелерiн аварияға себеп болуы мүмкiн өзгедей бұзуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Газ құбырлары мен газ жабдықтарын пайдалану ережелерiнiң аварияға себеп болуы мүмкiн қайталап бұзылуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

230-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды

бүлдiру

Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шаралар қолданбау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

18-тарау. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы

әкімшілік құқық бұзушылық

 

231-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама мен

мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып,

жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау,

құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс

материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын

шығару мен қолдану

1. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын шығару, қолдану, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден тоғыз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

232-бап. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын

жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау

құжаттарының талаптарын бұзу

1. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң пайдаланылу сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соқтыратын бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу, -

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтыратын осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау, -

қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегіз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

233-бап. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау

құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта

жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж,

жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

1. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, -

жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

лицензиядан айыра отырып не онсыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көр­сет­кіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүз­ден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

234-бап. Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс

материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша

құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу

кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы

техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу

Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

235-бап. Белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген

немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсатсыз

объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделi

жөндеу

1. Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсатсыз объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

236-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген

тәртiбiн бұзу

Сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтер талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -

лауазымды адамдарға - мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелеріне, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

237-бап. Заңсыз құрылыс

Белгіленген тәртіппен алынған лицензиясыз, рұқсатсыз өндірістік, тұрғын-үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салу, -

заңсыз салынған немесе салынып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

237-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу

1. Құрылыс салушының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің құрылыс салушы туралы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қоятын талаптарын, сондай-ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының дәл заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Құрылыс салушының уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтер мен есептілікті табыс етпеуі не олардың дұрыс емес мәліметтер мен есептілікті табыс етуі - заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

238-бап. Тұрғын үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта

жоспарлау

1. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсатынсыз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, жетiлдiру, күрделi жөндеу мен көркейту кезiнде техникалық регламенттерді қос­пағанда, құрылыс нормалары мен ережелерінің, жобалардың, басқа да нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп ұғынылады.

2. Ғимараттың және құрылыстың материалдарының, құрастырмаларының, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының, негiзгi топырақ қабатының есептiк мәндегi салмақтың түсуiне және әсерлерге бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiлiк деп ұғынылады.

3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк - әсерлер мен салмақтың түсу ықпалына орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалуы орнықтылық деп ұғынылады.

4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ көтерушi және бөлектеушi құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенiмдiлiк деп ұғынылады.

5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп ұғынылады.

239-бап. Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлер мен

кешендердi пайдалану

Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiстер алу мақсатында өнiмдер өндiру), -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

19-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды

пайдалану саласындағы әкімшілік құқық

бұзушылық

240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-

эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу

1. Қоршаған ортаны Осы баптың 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөнiнде нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат беруi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

240-1-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу

талаптарын бұзу

Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу талаптарын  бұзу, -

жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

241-бап. Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде шаралар

жүргiзуден жалтару

Ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi, егер бұл iс-әрекеттер адам немесе қоршаған орта үшiн ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, -

жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

242-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен

шығарылуы, қалдықтарды орналастыру туралы хабарламау

Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңдарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру, -

лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген

эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі не

экологиялық рұқсаттың болмауы

Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгіленген эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға эмиссиялар көлемін асырып жібергені үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкасының бір мың проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және

сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды

пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жабдықтарды

пайдаланбау

Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

245-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу

туралы заңдар талаптарын орындамау

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында айтылған талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы

нормативтерден асып кететін көлік және басқа да

жылжымалы құралдарды шығару

1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс істеуі кезінде шығатын шудың деңгейі белгіленген нормативтерден асып кететін автомобильдерді, ұшақтарды, кемелерді және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

247-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы

нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да

жылжымалы құралдарды пайдалану

1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды жеке тұлғалардың пайдалануы, -

жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу

1. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалануға қабылдау, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жаңа және қайта жаңғыртылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалану, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

249-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу кезiнде

атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi

талаптарды сақтамау

Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерiн бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

250-бап. Жердi бүлдiру

1. Сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын жою немесе заңсыз алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

251-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз

пайдалану немесе пайдаланбау

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

252-бап. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын

орындамау

1. Жерді пайдаланудың табиғат қорғау режимі талаптарын орындамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, (әрекет­сіздік) -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

253-бап. Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау

Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

254-бап. Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау

Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау,-

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүз онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

255-бап. Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз

жүргiзу

Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз жүргiзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

256-бап. Жер учаскелерiн беру туралы өтiнiмдердi қараудың белгiленген

мерзiмдерiн бұзу

Жеке және заңды тұлғалардың өздерiне жер учаскелерiн беру немесе меншiк немесе жер пайдалану құқығына құжаттарды қайта ресiмдеу туралы өтiнiмдерiн (өтiнiштерiн) қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

257-бап. Тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы

ақпаратты жасыру

Жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту, -

жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

258-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау

мәлiметтерiн бұрмалау

Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау, -

лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

259-бап. Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу

жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу

Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

260-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын бұзу

Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан негiзсiз бас тарту, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

261-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу,

сарқынды суды ағызып жіберу талаптарын бұзу";

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жіберу талаптарын бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

262-бап. Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi

ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде ережелердi бұзу

Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде белгiленген ережелердi бұзу, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

263-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi

ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер

қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу

Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

264-бап. Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi жобалық

шешiмдердi сақтамау

Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi жобалық шешiмдердi пайдалы қазбаларды және компоненттердi алудың толықтығы мен пайдаланудың кешендiлiгi, өндiрiс қалдықтарын бөлек жинау және сақтау бөлiгiнде сақтамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

265-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу

кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi бұзу

Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi бұзу, егер бұл әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

266-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды 

267-бап. Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы қазбалар қорларының

бар екендiгiн есепке алу жөнiндегi ережелердi бұзу

Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы қазбалар қорларының бар екендiгiн есепке алу жөнiндегi ережелердi бұзу, -

Лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

268-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу

жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептеменi бұрмалау

Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептеменi бұрмалау, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

269-бап. Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы қазбалардың мөлшерi

мен сапасын дұрыс анықтау ережелерiн бұзу

Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы қазбалардың мөлшерi мен сапасын дұрыс анықтау ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

270-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге асыру және

залалсыздандыру ережелерiн бұзу

Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге асыру және залалсыздандыру ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

271-бап. Кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын олардың сақталуын және

халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жай-күйге

келтiру ережелерiн бұзу

Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, таратылған немесе уақытша тоқтатылған кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жай-күйге келтiру жөнiндегi ережелердi, сондай-ақ уақытша тоқтатылған кезде кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын сақтау жөнiндегi ережелердi бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

272-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен уақытша

тоқтатып қою жөнiндегi ережелердi бұзу

Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен уақытша тоқтатып қою жөнiндегi ережелердi бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

273-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына

минералды шикiзатты пайдалану туралы ақпарат беруден бас

тарту немесе жалтару

Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералды шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және сенiмдi ақпарат беруден бас тарту немесе жалтару, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

274-бап. Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты

қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын

нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi

Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi, -

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

275-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу

ережелерін бұзу

1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу ережелерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың талаптарын бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

276-бап. Су ресурстарын қорғау ережелерiн бұзу

1. Жер үстi және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Судың ластануын және былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi iске қосу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимi жай-күйiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

277-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен

жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, оларды

пайдалану ережелерiн бұзу

1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

278-бап. Су айдындарының жай-күйіне әсер ететін заңсыз

құрылыс

1. Өзендердің және басқа да су айдындарының жай-күйіне әсер ететін ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді заңсыз салу, -

ескерту жасауға немесе заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұздыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңсыз су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

279-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн

бұзу

Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

280-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн бұрмалау

Су кадастрын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

281-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi жасау

Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерiне орай оларды реттеуге кедергi жасау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

282-бап. Орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану

Тиiстi рұқсатсыз тамырымен жұлу, құрылыстар салу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар тұрғызу және басқа мақсаттар үшiн орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

283-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау

1. Ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ заңсыз кесу және зақымдау, -

ескерту жасауға немесе заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Орман питомниктерi мен плантацияларындағы орман дақылдарын, себiндiлердi не көшеттердi, сондай-ақ көктеп шыққан табиғи өскiндердi, жас шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдардағы өздiгiнен көктеген өскiндердi жою немесе зақымдау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -

заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

284-бап. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық

ережелердi бұзу

1. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық ережелердi бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұл­ғаларға — төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

285-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер

дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын,

екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың

белгiленген тәртiбiн бұзу

1. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

286-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи

аумақтардың уақытша алынып отырған учаскелерiн

қайтару мерзiмдерiн бұзу

1. Мемлекеттік орман қорының уақытша иеленiп отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды мақсатты түрде пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

287-бап. Шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, сондай-ақ орман

қоры жерлерiнде  заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк

өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты жинау

1. Орман қоры жерлерiнде шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Орманда және орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты бұған тыйым салынған немесе орман билетi бойынша ғана жiберiлетiн учаскелерде заңсыз  жинау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

288-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен

орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы

жерлерiне ағаш егудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу

Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш егудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

289-бап. Орман үшін пайдалы фаунаны құрту, сондай-ақ орманды

қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау

және орман қоры жеріне өзге де залал келтіру

1. Орман үшін пайдалы фаунаны жою, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ормандардың қурап қалуына немесе ауруға шалдығуына не ластануына ұшырататын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсіптік және тұрмыстық төгінділермен, қалдықтармен және тастандылармен орманды бүлдіру, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Орман қоры жеріндегі орман құрғату жыраларын, дренаж жүйелері мен жолдарды жою немесе бүлдіру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші - үшінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

290-бап. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген

мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге

асыру

1. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру, -

жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

291-бап. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал

етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану

1. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

292-бап. Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың

белгiленген тәртiбiн бұзу

Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

293-бап. Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру

Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру, -

лауазымды адамдарға  үш жүз айлық есептік көрсеткіш  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

294-бап. Өсiмдiк қорғау құралдары мен басқа да препараттарды

тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу

1. Осы Заңның 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсімдік қорғау құралдарын, олардың өсуiн жылдамдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

295-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын

қорғау ережелерiн, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау,

есепке алу және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты

жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi

жерсiндiру мен шағылыстыру

1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізден он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

296-бап. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi

орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге

асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау

құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да

препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi

қорғау ережелерiн бұзу

Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің сегізге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

296-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген

түрлерінде жеке тұлғалардың болу тәртібін бұзу

Жеке тұлғалардың мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи саябақтардың аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде болуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

297-бап. Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді бүлдіру

немесе жою

Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын бүлдіру немесе жою, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

298-бап. Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану

1. Аң аулау ережелерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру ережелерін қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ бұзу және осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген аң аулау ережелерін бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған аң аулау ережелерін бұзу, -

жануарларды аулау құралдары, көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралдары болған өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер, -

әкім­шілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.

 

298-1-бап. Балық аулау және балық қорларын қорғау

ережелерiн бұзу

1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн, сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн (тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балықты өнеркәсiптiк жолымен аулау және балық аулау), сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн өрескел бұзу, -

әкім­шілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай, балық шаруашылығы су қоймаларынан су алу,

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

299-бап. Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су қоймаларын

бекiту, пайдалану мен қорғау тәртiбiн бұзу

Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су қоймаларын бекiту, пайдалану мен қорғау тәртiбiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

300-бап. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу

Жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

301-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты

теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн

бұзу

Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 302-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат

етiлген қызметтi реттейтiн лицензия шарттарын бұзу

1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн лицензия шарттарын бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

лауазымды адамдарға , дара кәсіпкерлерге- айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға  жүзден жүз елуге дейінгі  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуы мүмкiн су асты кабельдерiн немесе құбыр жолдарын Қазақстан Республикасының аумағына шығару  немесе оларды Қазақстан Республикасының континенттік қайраңына төсеу  ережелерiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

лауазымды адамдарға , дара кәсіпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдарды тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға  жүз елуден екі жүзге дейінгі  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

303-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз

ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу

1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатымен немесе халықаралық шарттарымен көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу, не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын  заңсыз өзгерту, -

жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

304-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қалдықтар

мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ

уақытша тоқтата тұру және бөлшектеу ережелерiн бұзу

1. Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шарттарда көзделген  Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуға әкеп соғуы мүмкiн уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

305-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау

органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау

1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруiне кедергi жасау, -

лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға   жетпіске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға  жүзден жүз елуге дейінгі  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

306-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы , аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы

минералдық және жанды ресурстарды заңсыз беру

1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы  , аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы  минералдық және жанды ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға заңсыз берілген минералдық және жанды ресурстар құнының жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға заңсыз берілген минералдық және жанды ресурстар құнының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

306-1-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу

1. Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы заңнама талаптарын орындамау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрінеу дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы, -

экологиялық аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға — екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

экологиялық аудиторлық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, экологиялық аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Тексеріліп жатқан тұлғаның экологиялық аудит жүргізілу барысында дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын көрінеу дұрыс емес немесе толық емес ақпаратты беруі, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіп­керлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

20-тарау. Карантин ережелері, астық нарығы мен астықты сақтау,

мақта саласы, тұқым шаруашылығы және ветеринариялық қадағалау

саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

 

307-бап. Карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк ауруларымен және

арамшөптермен күрес жөнiндегi ережелердi бұзу

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ережелердi бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

308-бап. Карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген

материалдарды әкелу және әкету

Карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген импортталатын және экспортталатын өсімдік материалдарын өсімдік карантині жөніндегі шекаралық пункттерге және шекарадағы бекеттерге әкелу және олардан әкету, осы жүктерді рұқсат етілетін карантин құжаттарынсыз тасымалдау, -

карантиндегі өнімдерді тәркілей отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

309-бап.  2006.20.01. № 123-III   ҚР Заңымен алып тасталды  

309-1- бап. Қазақстан Республикасының астық

туралы заңнамасын бұзу

1. Астықты экспорттаушылардың уәкілетті органға  астық нарығы мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, —

жеке тұлғаларға —  айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде,  ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу, —

жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бес,  ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуі және (немесе) көлік ұйымдарының астықты уәкілетті органмен алдын ала келіспей әкетуі —

орта кәсіпкерлік субъектілері болып табыла­тын заңды тұлғаларға, — айлық есептік көрсет­кіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде,  ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және  өтелуі ережелерін бұзуы, —

орта кәсіпкерлік субъектілері болып табыла­тын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсет­кіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде,  ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Астық қабылдау кәсіпорнының астықты сақтауға қатысты емес қызметті жүзеге асыруы, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі, —

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға  әкеп соғады.

6. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы, олар құжаттамамен расталған жағдайда, —

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіп­керлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Астық қабылдау кәсіпорнының оларсыз астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту, сақтау және тиеп жөнелту қызметтерін жүзеге асыру толы­ғымен мүмкін болмайтын не айтарлықтай нашар­лайтын негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен шығаруы, —

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мер­зімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, ал­тын­шы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушы­лықтарды жоймау, —

лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл  салуға әкеп соғады.

 

309-2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк

қызметтi жүзеге асыру кезiндегi құқық бұзушылық

1. Егiске арналған тұқымды өндiру, өткiзу және пайдалану жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүзеге асыру, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау жөнiнде қызмет көрсетушi аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым сапасына сараптама жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзуы, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын заңдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарын бұзуы, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -

субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.

 

309-3-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүзеге

асыру тәртібін бұзу

Фитосанитариялық есептілікті табыс етпеу, сол сияқты уақтылы табыс етпеу, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

309-4-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзу

1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтамен жүргізілген операциялар көрсетілетін құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мақта талшығының  тиісті сапа паспортынсыз мақта талшығын өткізу – жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге — он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасымен белгіленген талаптарды бұзғаны туралы уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару – лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Мақта өңдеу ұйымдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұза отырып, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге қоюы, сондай-ақ оларсыз шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын немесе айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, негізгі құрал-жабдықтарды мақта өңдеу ұйымының иеліктен шығаруы – лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Мақта қолхатын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін оларды құжаттамалық растау талабымен үнемі (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау – лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Лицензиаттың лизенция алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі – лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқарған кезеңде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы – жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын  заңды тұлғаларға – жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұру мерзімі өткен соң, осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.

310-бап. Ветеринария туралы заңдарды бұзу

Ветеринария туралы заңдарды:

1) мiндеттi ветеринариялық - санитариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;

2) карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтамау;

3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу;

4) ауру жұқтыратын малды тарату;

5) малды өсiру кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi сақтамау;

6) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындамау;

7) малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзу;

8) рыноктарда (сауда ұйымдарында), ветеринариялық бақылаудың қадағалауындағы жүктердi дайындау, сақтау, қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарда, қоймалық үй-жайларда, карантин базаларында, тиеу-түсiру алаңдарында және көлiк құралдарында ветеринариялық  -санитариялық ережелер мен нормативтердiң талаптарын сақтамау;

8-1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті қорытындысынсыз жаңа, жетілдірілген ветеринария препараттарын қолдану;

8-2) ветеринариялық-санитариялық объектілерді салу мен ұстауды қамтамасыз етпеу;

9) ветеринария саласында iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ iндетке қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

311-бап. Иттердi және мысықтарды күтiп-ұстау ережелерiн бұзу

1. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi күтiп-ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде мысықтарды күтiп ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

20-1-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

 

311-1-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу

1. Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы –

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсет­кіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауа­зымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлше­рінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген мін­деттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсет­кіш­тің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне ұқыпсыз немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орында­мауы, егер бұл оқыту және тәрбиелеу проце­сінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл нұқсан келтірсе, –

лауазымды адамдарға айлық есептік көр­сеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Лицензиаттың білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелерін, білім беру ұйым­дары қызметінің үлгі ережелерін, білім алушы­ларды ауыстыру және оқуына қайта қабылдау ережелерін бұзуы –

лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйым­дық құрылымдарын құру және олардың қызметі –

лауазымды адамдарға – айлық есептік көр­сеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлше­рінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Берілетін білім беру қызметтерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын өзгеше бұзу –

лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлше­рінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

7. Осы баптың бірінші-алтыншы бөлік­терінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әркеттер (әрекетсіздік) –

лицензиядан айырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің – оннан он беске дейінгі, лауазымды адамдарға – елуден жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

21-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың

денсаулығына қол сұғатын әкімшілік

құқық бұзушылық

 312-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу немесе орындамау

1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiндегi ережелермен, мемлекеттiк стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның оны бұзуы, егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапқа қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады.

313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi

шығару және өткiзу

Техни­калық регламенттердің талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі  талаптарға жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу не мемлекеттік өртке қарсы қызмет  органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөнiндегi қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.

 

 314-бап. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе

орындамау

1. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірсе, қылмыс белгілері болмаған кезде, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк

талаптарын бұзу

Уәкілетті мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкілетті мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың бiлiктiлiгiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.

 

 316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу

Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.

 

 

317-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу

1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы:

1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізу;

2) стандарттау жөніндегі мәлімделген норма­тивтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару;

3)  тауарларды буып-түю және буып-түйілген тауарларды кез келген орама түрінде өткізу кезінде ережелерді  сақтамау, егер бұл өнім сапасының төмен­деуіне, бұзылуына немесе өнімнің норма­тивтен артық ысырап болуына әкеп соқса;

4) сәйкестігі міндетті растауға жататын, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзімі өткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда өнімді әкелу және (немесе) өткізу;

5) тиісті нормативтік құжаттарсыз өнімді (соның ішінде жөндеуден) шығару, жеткізу (өткізу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызметтерді орындау;

6) өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін конструкторлық, технологиялық және жобалау құжат­тамаларын тапсырыс берушіге не өндіріске беру;

7) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережелерін бұзу;

8) сәйкестік сертификатын негізсіз беру немесе қолданылу күшін растау, сол сияқты сәйкестік туралы декларацияны, декларацияны мәлімдеуді негізсіз қабылдау немесе тіркеу;

9) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде сәйкестікті растау саласында аккредиттелмеген жұмыстарды жүзеге асыру;

10)  мемлекеттік сынақтан немесе метроло­гиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексеріл­меген немесе жөнделмеген өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналымға шығару;

11) тиісті рұқсатсыз өлшем құралдарын дайын­дау, тексеру және жөндеу, сондай-ақ стандарттық үлгілерді шығару және метрологиялық аттес­таттау;

12) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жа­та­тын және метрологиялық аттестаттаудан өт­пеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану;

13) тексеруден немесе өлшем құралдарын калибрлеуден өтпеген және (немесе) өлшем бір­лігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізі­ліміне енгізілмеген өлшем құралдарын пайдалану;

14) тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі тәр­тіпті бұзу, сол сияқты тауардың шығу сертифи­ка­­тын заңсыз беру түрінде жасалған бұзушылық, —

аккредиттеу аттестатын, сарапшы-аудитор аттес­татын тоқтата отырып не онсыз, жеке тұлға­ларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайлардан басқа, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заң­наманың талаптарын сақтауға мемлекеттік қада­ғалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқау­ларын орындамау не тиісінше орындамау, —

аккредиттеу  аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекет­сіздік), —

аккредиттеу  аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

317-1-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу

Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерде және техникалық регламенттерде белгі­ленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмей­тіндігі анықталған кезден бастап өнімдердің өмір­лік циклі процестерін жүзеге асыруын тоқтатпауы, сол сияқты мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нұсқауларын  орындамауы, —

қызметі  тоқтатыла отырып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұл­ғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден үш жүз онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға  бір мың бес жүзден бір мың алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

Осы бапқа қатысты  тамақ өнімдерінің, хи­миялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтар­дың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңна­малық актілерге сәйкес өнімдердің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.

 

318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау

Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiр жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

319-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн егiстiктi күзетудi

қамтамасыз етуге шаралар қолданбау

Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

319-1-бап. Есірткіні, психотроптык заттарды және прекурсорларды өткізудің және    медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау

1. Ойын-сауық мекемесінің, сондай-ақ білім беру ұйымының лауазымды адамының және (немесе) иесінің есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы -

лауазымды адамдарға және (немесе) қызметі тоқта­ты­ла отырып, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсет­кіш­тің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын неме­се орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз­ден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жеті жүз­ден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), –

лауазымды адамдарға және (немесе) дара кәсіпкерлерге дара кәсіпкерлік қызметіне тыйым салына отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып – айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып – айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы Кодексте аталған ойын-сауық мекемелеріне көңіл көтеру-демалу, театр-ойын-сауығы, спорт, мәдени-демалу мақсаттарында қызмет көрсететін ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсаттарындағы объектілер және өзге де үйлер, мекен-жайлар, ғимараттар жатады.

 

 320-бап. Өткiзу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен, психотроптық

заттармен және прекурсорлармен заңсыз айналысу

1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзу мақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – айлық есептік көрсеткіштің он  бестен жиырмаға дейінгі  мөлшерінде  не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялык емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -

ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Өткiзудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады.

 

321-бап. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен

прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау

1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, сол сияқты оларды заңсыз жарнамалау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енген есірткі құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрілік препараттар үлгілерін жарнамалау мақсатында тарату, -

тиісті қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, дайындау тәсілдері, әдістері туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәліметтерді таратуға, сондай-ақ кітап өнімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің өндірісіне және оны таратуға, аталған мәліметтерді компьютер желілерінде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де іс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметін түсінген жөн.

2. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсігіне ол сезіне алмайтындай әсер ететін, оның есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегімен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөніндегі қызметін түсінген жөн.

 

322-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет

1. Қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бестен он беске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде көрсету, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -

жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Заңда белгіленген тәртіппен берілген тиісті құжаттарсыз халық медицинасымен (емшілікпен) айналысу, жаппай емдеу сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізу, -

тиісті емші дипломынан немесе арнайы рұқсаттан айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттар тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерінің сыйақы алу мақсатымен дәрілік заттар жарнамасына қатысуы, медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды жұмыс орнында сатуы, сондай-ақ белгілі бір дәріхана ұйымдарына немесе өзге де ұйымдарға жіберу және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

323-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ

гигиеналық нормативтерді бұзу

1. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда және абайсыздықтан жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өліміне әкеп соқтырмаған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін іс-әрекет, (әрекетсіздік) егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

324-бап. Фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу

1. Дәрілік және оларға теңестірілген заттарды тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, сынау (зерттеу), сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткізу, қолдану, жою, жарнамалау ережелерін бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаса, -

фармацевтикалық қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға жетпіс, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тіркелмеген, жалған, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік және оларға теңестірілген заттарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаса, -

қызметін тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салуға әкеп соғады.

 

325-бап. Медициналық қызмет көрсетуді дәйексіз жарнамалау

Мұндай қызмет түріне лицензиясы және оны жарнамалауға медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган берген рұқсаты жоқ жарнама берушінің медициналық қызметтер көрсету жарнамасын, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарының жарнамасын таратуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

326-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен,

ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен

қатынаста болып жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз

есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланушы

адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы

1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрігердің тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

327-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын

адамдардың емделуден жалтаруы

1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -

жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

328-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын

адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен қатынаста болған

адамдарды жасыруы

Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

328-1-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық

қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу

кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар

ұсынуы

1. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар, оның ішінде құжаттарды бұрмалау жолымен табыс етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

329-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды

22-тарау. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа

қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

330-бап. Ұсақ бұзақылық

1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң  үштен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза  қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейінгі  мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

330-1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау, —

айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік),-

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін  әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық

Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық

қондырғыларды жару

1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -

қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда  жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -

пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -

пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 333-бабында көзделген құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам жасаған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

333-бап. Тыныштықты бұзу

Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, соның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

334-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру

1.Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын , полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру,-

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не аварияларды, өрттерді, табиғи апат зардаптарын жою кезеңінде жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

334-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру —

айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.

335-бап. Үйде жасалатын күштi спирт iшiмдiктерiн дайындау және сату

Самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да күштi спирт iшiмдiктерiн сату мақсатымен заңсыз дайындау, сол сияқты аталған спирт iшiмдiктерiн сату, -

спирт iшiмдiктерiн, аппараттарды, оларды дайындауға арналған шикiзаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

336-бап. Спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде

келу

1. Жергiлiктi атқарушы орган спирт iшiмдiктерiн құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,  әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-

айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, спирт iшiмдiктерiн iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал ерекше жағдайларда, егер iстiң мән-жайына орай және тәртiп бұзушының жеке басы ескерiле отырып, бұл шаралар жеткiлiксiз деп танылса, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге

тыйым салуды бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, —

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының зияндарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, -

лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

336-2-бап. Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын,

психотроптық заттарды және прекурсорларды

медициналық тұрғыдан тыс тұтыну

1. Қоғамдық орындарда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну, -

айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

337-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды

338-бап. Құмар ойындар

1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, -

ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту және рұқсат ету, -

үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

338-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі

туралы заңнамасын бұзу

1. Ойын мекемелерін тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау, ойын мекемелерін ғибадат ету ғимараттарында және мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында орналастыру, -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Құмар ойындарды Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде ұйымдастыру және өткізу, -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ойын автоматына технологиялық түрде енгізілген ұтыс проценті бойынша талаптарды сақтамау, -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Ойын бизнесін ұйымдастырушының міндетті резервтерді қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және жағдайларда пайдалану жөніндегі шарттарды орындамауы, -

лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөлшектерін қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау, -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткізуі, -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Ойын бизнесін ұйымдастырушының казино кассалары мен ойын орындарын бейне жазу жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы, -

лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау, -

лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес тестілеу және сертификаттау туралы талаптарды бұза отырып пайдалануы -

лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Осы баптың бірінші - тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -

жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

339-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау

Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -

аталған өнiмдердi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

340-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану

ережелерiн бұзу

Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

341-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiнi

қорлау

1. Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiлердi қорлау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, -

ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

23-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы

әкімшілік құқық бұзушылық

342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат

құралдары туралы заңнамасын бұзу

1. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттіктерін есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп тану туралы шешім шығарылғаннан кейін олардың өнімін, сондай-ақ хабарлары мен материалдарын тарату, -

бұқаралық ақпарат құралының өнімі тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Телерадиохабарлар арналары бойынша мемлекеттік тілдегі хабарларды уақыты жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен аз тарату, -

бұқаралық ақпарат құралының баспа өнімі немесе өзге де өнімі тәркілене отырып және шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Меншік иесі не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабардың тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнімін, сондай-ақ ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, көбейту және (немесе) тарату, -

бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.

6. Заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдар­лама­ларын қайталап беру, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қы­рық­тан елуге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға – айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейін­гі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық араздықты тұтандыруға

бағытталған материалдарды жариялауға рұқсат беру

Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар мәлiметтер мен материалдарды баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, -

бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не баспа өнiмдерi тәркілене отырып, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

 

344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, сол

сияқты өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының

аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау,

тарату

1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу тасымалдау -

бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, -

бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — өнімдері тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөлік­терінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

телевизия және (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицен­зиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз елуге дейін­гі мөлшерінде, лауазымды адамдарға  — екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде,  шағын неме­се орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммер­циялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлше­рінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табыла­тын заңды тұлғаларға бір мың бес жүзден  екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

345-бап. 2006.20.01. № 123-III    ҚР  Заңымен  алып тасталды  

346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа ықпал жасау

Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -

 лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру

Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру, -

жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

348-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн

даналарын берудiң, теле- және радиохабарлар

материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртiбiн бұзу

1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың тәртiбiн бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.

 

349-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану,-

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің елу­ден жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауа­зым­ды адамдарға – жетпістен жүзге дейінгі мөл­ше­рін­де, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе ком­мерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұл­ғаларға – жүзден жүз елуге дейінгі мөл­шерінде, ірі кә­сіпкерлік субъектілері болып табылатын заң­ды тұлға­ларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жарнаманы тарату тілдеріне қойылатын талаптарды бұзу-

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға – елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол іс-әрекеттер,-

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға – жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға – жүз елуден жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

349-1-бап.  2007.19.06  № 264-III ҚР Заңымен   алып тасталды

350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзу

1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -

бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.

 

351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету

Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау

1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын

әкімшілік құқық бұзушылық

 

 

353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану

1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған, белгіленген тәртіппен  ресми жария­ланбаған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

  

354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң

ережелерiн бұзу

1. Жалпыға міндетті маңызы бар, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

354-1-бап. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану тәртiбiн бұзу

1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын заңсыз пайдалануы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу -өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

354-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу

Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды және оны­мен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мү­лікке құқықтарды және олармен мәміле­лерді мем­лекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Респуб­лика­сының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы-

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғалар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полициясының, кеден органының, шекара қызметiнiң , мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау

1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган  қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган  қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

356-бап. Мемлекеттiк инспекторға өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн

орындауына кедергi келтiру, қаулыларын, нұсқауларын және өзге де

талаптарын орындамау

1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -

жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы Кодекстiң , , , , , , , екінші бөлігінде, 317-1, , , , , , көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, ұсыным­дарын, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -

жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

356-1-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкілетті емес тұлғаларға заңсыз беруі, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

356-2-бап. Билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену

1. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, —

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

357-бап. Озбырлық

Озбырлық, яғни бiр адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, заңсыз жасаған, заңдылығы екiншi бiр адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

357-1-бап. Тиісті тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы

рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз)

кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу,

сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге

асыру

1. Рұқсат, лицензия, біліктілік аттестаты (куәлігі) міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз) кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы тәркіленіп не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.

 

357-2-бап. Лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзу

1. Заңнамада белгіленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның ішінде лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, -

белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекет­сіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкім­шілік жауаптылыққа әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормалардың бұзылуын жоймау –

белгілі бір қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

357-3-бап. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия, арнайы

рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) беру

тәртібі мен мерзімін бұзу

1. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) беру мерзімін бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лицензияны, арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін) заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып беру, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

357-4-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктердi

мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманы бұзу

1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті қайта тіркемей, қызметті жүзеге асыру, -

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тіркеуші органға заңды тұлғаның тұратын жерінің өзгергені туралы уақытында хабарламау, -

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

357-5-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе)

лицензияға қосымшаны қайтармау

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиаттың он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

357-6-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру

нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы

заңнамасын бұзу

1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері заңнамасын өзге де бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы

1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -

алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

358-1-бап. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу мен одан әрi пайдалану ережелерiн бұзу

1. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) дер кезiнде тапсырмау, -

жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн сақтамау, сондай-ақ осындай мүлiктi сатудан түскен соманы мемлекеттiк бюджетке дер кезiнде аудармау, -

лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

359-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету

Салық қызметi, қаржы полициясы органдары лауазымды адамдарының кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

360-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай,

сондай-ақ мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып, белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы

1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

361-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе салық есебiне тұру

мерзiмiн бұзу

1. Салық төлеушiнiң тiркелу есебiне немесе салық төлеушiнiң қосылған құнға салық төлеушi ретiнде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгiленген мұндай тiркеу (есеп) мерзiмiн бұзуы, -

салық органы басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

салық органының басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

362-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу

Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды мына бөлiктерiнде орындамау:

1) келу және кетудiң ерекше режимi;

2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу, сондай-ақ сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушыларды олардың есебiнен өздерi тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жердiң аймағынан шығарып жiберу туралы нұсқау;

3) жиналыстар, митингiлер, шерулер мен демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;

4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;

5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ спирттiк iшiмдiктермен және құрамында спиртi бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу;

6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;

7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио,- және теледидар хабарларын тарату аппаратурасын, дыбыс,- және бейне жазу техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқаулар; бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;

8) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi;

9) көлiк құралдарының қозғалысын шектеу және оларды тексеруден өткiзу;

10) коменданттық сағат уақытында жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

363-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқық тәртiбiн бұзуға итермелейтiн

iс-әрекеттер

Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған құқық тәртiбiн бұзуға немесе ұлттық және дiни алауыздық туғызуға итермелейтiн iс-әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi жасау, сонымен қатар қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындаушы iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметкердiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерi мен талабына қасақана бағынбау, не қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын бұзатын iс-әрекеттер жасау, сондай-ақ әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

364-бап. Түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу, сақтау немесе

пайдалану ережелерiн бұзу, штемпельдi-гравюралық

кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзу

1. Түрлi-түстi көшiру (жедел полиграфиясы, көшiру-көбейту техникасы, тамшылы-ағылмалы, лазерлi принтерлер және сканерлер) құралдарын есепке алу, сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

365-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен

жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламау

Iстi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынысы бойынша қылмысқа немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы ұйым басшысының және басқа лауазымды адамдардың хабарламауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

366-бап. Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу

1. Өзiне қатысты қадағалау белгiленген адамның әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайы бойынша және тәртiп бұзушының жеке басын ескере отырып бұл шаралардың қолданылуы жеткiлiксiз деп танылатын болса, -

он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

367-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу

изоляторларында отырған адамдарға тыйым салынған заттар,

бұйымдар мен нәрселер беру

Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға алкогольдiк iшiмдiктер, дәрiлiк және мас қылатын әсерi бар басқа да заттарды, ақша, азық-түлiк тағамдарын, бұйымдарды және бұл мекемелерде сақтау мен пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселердi тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлдермен беруге әрекет ету, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

368-бап. Азаматтық қаруларды сатып алу, сақтау, алып жүру, беру немесе сату

тәртiбiн жеке тұлғалардың бұзуы

1. Жеке тұлғалардың iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз азаматтық қаруларды сатып алуы, сақтауы, алып жүруі, басқа адамға беруi немесе сатуы, -

қаруы тәркiлене отырып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 Ескерту. Азаматтық қаруларды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

 

368-1-бап.  Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу

1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сату, экспонттау құқығына лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың оларды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы, —

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қол­данылған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаға — айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөл­шерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табыла­тын заңды тұлғаларға — бестен жетіге дейінгі мөлше­рінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкім­шілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішін­де қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екіден үшке дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіп­керлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

369-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу,

сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзу

1. Қару сақтауға, алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке тұлғалардың  азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Олардың сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және оған арналған патрондарды өз мақсатында пайдаланбауы, -

азаматтық қаруының өтемi төленiп алып қойылып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

370-бап. Газ қаруын заңсыз қолдану

1. Газ қаруын заңсыз қолдану, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

371-бап. Азаматтық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмдерiн не оны

есепке қою ережелерiн бұзу

1. Азаматтық қаруды тiркеудiң (қайта тiркеудiң) белгiленген мерзiмдерiн немесе тұратын мекен-жайлары өзгерген кезде iшкi iстер органдарында оны есепке қою ережелерiн бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";

қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

372-бап. Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сату үшiн

өткiзуден жалтару

Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сақтауға рұқсатты iшкi iстер органдары алып қойған жеке тұлғалардың  оларды сату үшiн өткiзуден жалтаруы, -

қарудың өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар мен

демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзудiң тәртiбi туралы

заңдарды бұзу

1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi жасау, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларға қатысу,  егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Рұқсат етiлмеген жиналысқа, митингке, тосқауылға, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының үй-жай не өзге де мүлiктер (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықтар, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар туғызуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жиналысты, митингтi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу

1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тыс iс-әрекеттер жасауы, -

қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестіктің мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын іс-әрекеттер жасауы, -

қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелеріне айлық есептiк көрсеткіштің жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау, -

қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шет ел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, дiни бiрлестіктердiң, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -

заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - төрт жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, шетелдiк заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың саяси партияларды қаржыландыруы, -

заңсыз қайырымдылықтар тәркілене отырып және Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Саяси партиялардың заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы, -

заңсыз қайырмалдықтар тәркiлене отырып және он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға ала отырып не онсыз саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, саяси партияның басшысына төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Саяси партиялардың қаржылық қызметi туралы жылдық есептіктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм мен көлемде жарияламау, -

саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата отырып, партияның басшысына айлық eceптiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге асыруы, -

саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, партияның басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

374-1-бап. Қазақстан Pecпубликасының заңдарында

белгіленген тәртiппен тiркелмеген қоғамдық,

дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау,

қатысу, сондай-ақ олардың қызметiн қаржыландыру

1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау, -

жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу, -

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру, -

екi жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

375-бап. Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдарды

бұзу

1. Дiни бiрлестiктер басшыларының бiрлестiктi мемлекеттiк басқару органдарында тiркеуден жалтаруы, дiни бiрлестiктiң оның жарғысымен (ережесiмен) белгiленген өз мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келетiн қызметтi жүзеге асыруы, саяси партиялардың қызметiне қатысуы және оларға қаржылай қолдау көрсетуi, қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруды, науқас адамдарды күтiп-бағуды, бас бостандығынан айыру орындарына баруды қоспағанда, жерден басқа орында дiни iс-шаралар өткiзу ережелерiн бұзуы, дiнге табынушылар мен дiни бiрлестiктер мүшелерiнiң дiнге табынуға қатысы жоқ арнаулы балалар мен жасөспiрiмдер топтарын ұйымдастырып, жиындарын өткiзуi, жеке тұлғаларды дiни жоралғыларды орындауға немесе өзге де дiни қызметтерге қатысуға мәжбүр етуi, -

ескерту жасауға немесе дiни бiрлестiк басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн алты айға дейiн тоқтата тұрып немесе қызметiне тыйым сала отырып не онысыз, жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңға сәйкес жүзеге асырылатын дiни жоралғыларды, басқа дiни қызметтi атқаруға кедергi жасау, азаматтардың дiнге қатыстылығына қарай олардың құқықтарын бұзу, сол немесе басқа дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын нәрселердi, құрылыстарды және орындарды аяқ асты ету, жеке тұлғалардың дiни сезiмдерiн қорлау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Азаматтардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есептiк тiркеусiз миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштің он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Дiни бiрлестiктiң өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы, -

дiни бiрлестіктің басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметiн үш айдан алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата отырып не қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептік көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Діни бiрлестіктің өз жарғысына (ережесiне) қайшы келетiн қызметтi жүйелi түрде жүзеге асыруы, сол сияқты дiни бiрлестiктiң өз қызметiн тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды белгiленген мерзiмде жоймауы, -

дiни бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң қырыққа дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға дiни бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

376-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу ережелерiн бұзу

Некеге отыруға кедергi болатын мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

377-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке

басты куәландыратын құжаттарсыз тұру

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша немесе уақытша болатын жері бойынша үш айдан астам мерзімде тіркеусіз тұруы -

ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінсіз не жарамсыз тұруға ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлігімен үш айдан астам мерзімде тұрақты тұруы -

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

378-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке

басын куәландыратын құжаттарсыз тұруға жол беру

1. Құжаттау және халықты тіркеу ережелерін сақтауға жауапты адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз Қазақстан Республикасында тұруға жол беруі, -

ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Құжаттау және халықты тіркеу ережелерін сақтауға жауапты адамдардың шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәліксіз не жарамсыз ықтиярхатпен немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігімен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына жол беруі, -

ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

379-бап. Паспорттарды, жеке куәлікті заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау

1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәлікті заң­сыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау, –

ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

380-бап. Азаматтың куәлiк (төлқұжат) немесе жеке басын куәландыратын

басқа құжаттарды алуы кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

Азаматтың куәлiк (төлқұжат)  не жеке басын немесе азаматтығын куәландыратын басқа да құжаттарды алуы кезiнде Қазақстан Республикасының атқарушы билiк органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар беруi, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

380-1-бап. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және

(немесе) анықтаманы заңсыз алу

1. Ауруды өтірік сылтауратуы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

381-бап. Статистикалық есептілікті ұсыну

тәртібін бұзу

1. Тиісті статистикалық органдарға мемле­кеттік статистикалық есептілікті уақтылы ұсынбау, дұрыс емес мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсыну, —

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Тиісті статистикалық органдарға мемлекет­тік статистикалық есептілікті ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер —

жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

381-1-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін

табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, уақтылы табыс

етпеу, жасыру, қосып жазу және басқа да

бұрмалаушылықтар

Құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, оларды белгіленген мерзімді бұзып табыс ету, жасыру, қосып жазу, құқықтық статистика мен арнайы есептеу деректерін басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есептер мәліметтерін алуға қандай да бір нысанда болсын кедергі жасау, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

382-бап. Мемлекеттiк статистикалық бақылаулар жүргiзуден бас тарту

Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық бақылаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

383-бап. Лауазымды адамның коммерциялық құпиясы бар статистикалық

деректердi сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi

Лауазымды адамның коммерциялық құпия болып табылатын статистикалық деректердi олардың заңды иесiнiң келiсiмiнсiз кiмге де болса сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi, егер иесiне iрi залал келтiрiлмесе, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

384-бап. Бекiтiлмеген нысандар бойынша статистикалық есеп-қисап жинау

Заңмен белгiленген тәртiпте келiсiлмеген немесе бекiтiлмеген есеп-қисап нысандары бойынша ведомстволық немесе мемлекеттiк есеп-қисапты жинау, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн

бұзу

1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген

талаптарды бұзу

1. Мемлекеттiк құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, eгep бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттiк құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -

қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру

ережелерiн бұзу, сондай-ақ қала мен елді мекендер инфрақұрылымы объектiлерiн

бұзу

1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қала мен елді мекендер инфрақұрылымы объектiлерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

25-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы

режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының

аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу

тәртiбiн бұзу

1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыпұл салуға әкеп соғады

2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткiзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің)

және ішкі суларының режимін бұзу

1. Қазақстан Республикасының аумақтық   суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетiндегi және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз  , Қазақстан Республикасының заңнамасын­да белгіленген тәртіпті бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық  сула­рында (теңізінде) және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, -

әкімшілік құқық бұзушылық  жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу

бекеттерiнде режимдi бұзу

1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -

Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

шекарасы режимiн бұзу

1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -

әкімшілік құқық бұзушылық  жасаудың тікелей нысанасы болған кө­лік құралдары мен өзге де заттары тәркілене оты­рып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.

392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз

алып өту

1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету

жөнiндегi өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери

қызметшiнiң заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан

Республикасында болу ережелерiн бұзуы

1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тiркелудiң не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың белгiленген тәртiбiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз кiруден, белгiленген мерзiмде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада, не тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетiлген  мақсаттарға сай болмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -

айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.

 

395-бап. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы азаматының,

шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан

Республикасында шетелдiктердiң болу ережесiн бұзуы

1. Меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы, оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз етушi немесе шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттiк өту шарттарын сақтаумен байланысты мiндеттерiн орындаушы ұйымның лауазымды адамының Қазақстан Республикасында оларды тiркеудiң, олардың келу, тұру, жүрiп-тұру, тұрған жерiн өзгерту және сырт жаққа кету құқығына құжаттар рәсiмдеудiң белгiленген тәртiбiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырып, оған тұрғын үй-жай берген азаматтың, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды белгiленген тәртiппен уақтылы тiркеуден өткiзудi және болудың белгiленген мерзiмi бiткеннен кейiн қайтып кетуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданбауы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасына, белгiленген тәртiптi немесе оның аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн бұза отырып, келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй-жай, көлiк құралын беру немесе өзге де қызмет көрсету, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен

пайдалану ережелерiн бұзу

1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуы не Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдауы не­месе еңбегін пайдалануы  , заңсыз иммигранттардың еңбегін пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың заңсыз иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бiр өзге де заңдық (құқық туғызушылық) iс-әрекеттер жасауы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзуы, -

Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

397-бап. 2007.06.07  № 276-ІІI  ҚР Заңымен  алып тасталды   

398-бап. Босқынның тұру ережелерін бұзуы

Босқынның тегі, аты, отбасылық жағдайы, отбасы құрамының өзгергені туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің азаматтығын алғандығы туралы халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарламауы –

ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке

орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензияда көзделген шарттарды бұза отырып, сол сияқты жөнсіз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексіз ақпарат беріп жүзеге асыру, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

26-тарау. Кеден істері саласындағы әкімшілік

құқық бұзушылық

400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу

Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

401-бап. Тауарлар және көлiк құралдарын әкелу кезiнде Қазақстан

Республикасының кеден шекарасынан өтетiнi туралы хабарламау

Тауарлар және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiндiгi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

402-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының

кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы хабардар

етпеу немесе анықталмаған хабар беру

1. Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органын хабардар етпеу, егер тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылау режимiнде тұрса не тауарларды және көлiк құралдарын әкету оларды осындай режимге қоюды ұйғарса, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына анықталмаған хабар беру, егер мұндай хабардар етпеудi Қазақстан Республикасының кеден органы белгiленген тәртiппен тiркеген болса, сол сияқты хабардар етуден кейiн тауарлар мен көлiк құралдарын көрсетiлген орынға және оны уақытында әкелмеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

403-бап. Авария немесе жойқын күштер жағдайында шаралар қолданбау

Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзуге қабылдаған немесе транзитпен тасылатын тауарлардың және көлiк құралдарының аварияның немесе жойқын күштiң әсерi жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың қандай да болсын рұқсатсыз пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына iстiң мән-жайы, осындай тауарлардың және көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе осы органның лауазымды адамдарын тауарлар мен көлiк құралдары тұрған орынға жеткiзудi қамтамасыз етпеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

404-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу

Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын

Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру,

жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органына

жеткiзбеу

1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзбеу, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарларды және көлiк құралдарын тәркiлей отырып, лицензияның (арнайы рұқсат немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген мерзiмiн сақтамау, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау

Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе алапат күштiң әсерiмен болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орындарда тоқтатпау, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

407-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз көлiк

құралын жiберу

Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жiберу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

408-бап. Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына

жанасып тоқтау

Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кемелердiң және өзге де жүзу құралдарының жанасып тоқтауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

409-бап. Декларация толтырушының кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртiбiн

бұзуы

Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртiбiн бұзу, яғни кедендiк ресiмдеудiң басталуы мен аяқталуы, орны, уақыты және оны өткiзу рәсiмi туралы кеден заңдарымен белгiленген талаптарды сақтамау не кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртiбiн қолдануға заңсыз талап қою, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны қолдану шарттарын сақтамау, -

кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

410-бап. Кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлармен және көлiк

құралдарымен заңсыз операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту,

пайдалану және билiк ету

1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден заңдарымен белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлармен және көлiк құралдарымен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және билiк ету, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

411-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз

жүргiзiлетiн жүк және өзге де операциялар

Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кеден бақылауында тұрған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, зақымданған орамды жөндеу, буып-түю, қайта буып-түю немесе тасымалдауға қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, қораптарды және басқа да орындарды ашу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

412-бап. Ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не

жоғалту

Қазақстан Республикасының кеден органы қолданған ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

413-бап. Декларация берушiнiң тауарларды және көлiк құралдарын

декларациялау тәртiбiн бұзуы

Декларация берушiнiң тауарларды және көлiк құралдарын декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларациялаудың нысаны мен орны, декларациялау кезiндегi уақытша, толық емес немесе мерзiмдiк кеден декларациясын пайдалануды қоса алғанда, оны жасау рәсiмi туралы кеден заңдарымен белгiленген талаптарды сақтамауы, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

414-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына кеден

декларациясын, құжаттар мен қосымша мәлiметтер беру

мерзiмдерiн бұзу

Қазақстан Республикасының кеден органына олар белгiлеген мерзiмдерде, осы тауардың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi бермеу және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына есеп-қисапты бермеу

және есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау

Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кедендiк бақылауда тұрған не еркiн кеден аймағы мен бос қоймалар аумағында тұрған әкелiнетiн, әкетiлетiн, келiп түсетiн, сақталатын, ұқсатылатын, дайындалатын, сатып алынатын және сатылатын тауарлар туралы белгiленген есеп-қисапты кеден органына бермеу, сол сияқты, осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

416-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды

417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды сақтау және

олармен операциялар жасау тәртiбiн бұзу

Заңнамада белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн бұзу, сол сияқты осы Кодекстiң 405, 410-412-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және бос қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзу, -

айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

418-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу және қайта өңдеу

өнiмдерiн ауыстыру

1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңдарымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу, -

лицензия күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін басқа тауарлармен ауыстырудың белгіленген тәртібін бұзу, -

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не тауарларды қайта өңдеуге берілген лицензияның, арнайы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.

 

419-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды

420-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды

421-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге

тауарларды және көлiк құралдарын әкетпеу не осы аумаққа

қайтармау

1. Белгiленген мерзiмдерде, егер мұндай әкету мiндеттi болып табылса, бұрын әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, егер мұндай қайтару мiндеттi болып табылса, бұрын әкетiлген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қайта әкетудiң немесе әкелудiң дәлелi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру, не аварияның немесе жойқын күштiң әсерi салдарынан, табиғи тозуы немесе азаюынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе шығын болуы себебiнен бұған мүмкiндiктiң болмауы, не шет мемлекет органдарының және лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiмен байланысты олардың иелiктен шығарылуы, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

422-бап. Тауарларды жою тәртiбiн бұзу

Меншiк иесiнiң немесе мүдделi адамның тауарларды жою тәртiбiн бұзуы, яғни кеден заңдарымен белгiлеген тауарларды жою, жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды тиiстi кедендiк режимде орналастыру талаптарын, шектеулердi және шарттарды сақтамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

423-бап. Белгiлi бiр кедендiк режимде орналастырылған тауарлармен

және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жасау, жай-күйiн

өзгерту, пайдалану және билiк ету

Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк режимiне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және билiк ету, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де шектеулердi, талаптарды және кеден режимi шарттарын сақтамау, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшi тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

424-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды

және көлiк құралдарын өткiзген кезде тарифтiк емес реттеу

шараларын және басқа да шектеулердi қолдану тәртiбiн сақтамау

1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңдармен және нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн тарифтiк емес реттеу мен шектеу шараларын қолдану тәртiбiн бұза отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған ретте, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. алынып тасталды

425-бап. Жеке тұлғалардың оңайлатылған, жеңiлдiк тәртiбiн бұза отырып

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды

өткiзуi

Осы Кодекстiң 432-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын оңайлатылған немесе жеңiлдiк тәртiбiн бұза отырып, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзуi, қылмыс белгiлерi болмаған ретте, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

426-бап. Кеден бақылауына соқпай Қазақстан Республикасының кеден

шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу

1. Кеден бақылауына соқпай, яғни Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген орындардан сыртқары немесе кедендiк ресiмдеу жүргiзудiң белгiленген уақытынан тыс, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының екі жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

427-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн

тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, соның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онысыз, сондай-ақ құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен заттарды жасырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

428-бап. Құжаттарды немесе ұқсастыру құралдарын алдап пайдаланып,

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды

және көлiк құралдарын өткiзу

Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар, дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру арқылы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, сондай-ақ сәйкестендiрудiң қолдан жасалған құралдарын не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты ұқсастыру құралдарын пайдалану, осы Кодекстiң 429 және 432-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

429-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын декларацияламау немесе жалған

декларациялау

1. Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды және көлiк құралдарын декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни тауарлар мен көлiк құралдары, олардың кедендiк режимi және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы белгiленген жазбаша, ауызша немесе өзге нысанда мәлiмдемеу немесе жалған мәлiмдеу, осы Кодекстiң 409, 413, 414, 424-428, 432-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

лицензияның, арнаулы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы тоқтатыла тұрып, орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының үш жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

430-бап. Кеден ережелерiн бұза отырып, Қазақстан Республикасының

кеден аумағына әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын

тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету

1. Қазақстан Республикасының кеден аумағына кеден бақылауына соқпай не осындай бақылаудан жасырын, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдаланумен, әкелiнген, не декларацияланбаған немесе жалған декларацияланған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету, сол сияқты басқаларға қарағанда өзге мақсатпен оларға осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын немесе иелiктен айырылатын, кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде оларға кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және иемденiп алу, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

431-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтар бөлiгiнде оларға қатысты

кедендiк жеңiлдiктер берiлiп, шартты түрде шығарылған

тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану мен билiк ету

тәртiбiн бұзу

Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз басқаларға қарағанда өзге мақсатпен осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде кеден жеңiлдiктерi берiлiп, шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және билiк ету, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

432-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтардан заңсыз босатуға немесе

оларды төмендетуге бағытталған iс-әрекеттер

Кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi кедендiк декларациялар мен өзге де құжаттарда кедендiк режим, кеден құны не тауарлар мен көлiк құралдарын шығарған ел туралы дұрыс емес мәлiметтер немесе кедендiк төлемдер мен салықтардан босату немесе олардың мөлшерiн азайту үшiн негiз болатын өзге де дұрыс емес мәлiметтер беру, осы Кодекстiң 425, 428, 429-баптарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған ретте, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

433-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтарды тиiстi негiздерсiз

қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды

қайтармауға бағытталған iс-әрекеттер

Қазақстан Республикасының кеден органына - төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесiз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу

мерзімдерін бұзу

Кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдер ішінде төлемеу, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес айыппұл салуға әкеп соғады.

 

435-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге

асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы кеден

органдарының шешiмдерiн орындамауы

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен төлемшiнiң кедендiк төлем шоттары бойынша кеден төлемдерiн өндiрiп алу немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

436-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды

437-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды

438-бап. Лауазымды адамдардың және өзге де қызметкерлердiң кеден

iсiнде қолданылатын талаптарды орындамауы

Ұйымдардың лауазымды адамдарының және өзге де адамдардың кеден iсiнде қолданылатын талаптарды орындамауы, сол сияқты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша заңды тұлға үшiн жұмыстар орындайтын өзге де жеке тұлғалардың осындай талаптарды орындамауы, кеден ережесiн бұзғаны үшiн аталған заңды тұлға жауапқа тартылған жағдайларда, кеден органының лауазымды адамын кедендiк бақылау жүргiзу үшiн аумаққа және үй-жайға кiруiне кедергi жасау, -

ескерту жасауға немесе оннан елуге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

27-тарау. Көлікте, жол шаруашылығында және

байланыста әкімшілік құқық бұзушылық

439-бап. Темiр жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн

ережелердi бұзу

1. Темiр жол арқылы күш көлiгiмен өту, мал айдап өту, темiр жолдарға арнап оқшауланған жерлерде мал жаю ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Темiр жолды, отырғызылған қорғаныш ағаштарды, қар тоқтатқыш қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен қондырғыларын бүлдiру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Темiр жолдарға поездар қозғалысын бұзуы мүмкiн заттар төсеу, лақтыру немесе қалдыру, -

бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Белгiленбеген жерлерде темiр жол арқылы өту, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiрi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзу, -

жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сегізден онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

440-бап. Темiр жол көлiгi құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу

1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды өз бетiнше тоқтату, -

бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

440-1-бап. Теміржол жылжымалы құрамын мем­лекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану

1. Теміржол жылжымалы құрамын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану, —

жеке тұлғаларға — екі, лауазымды адамдарға,  дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырма айлық есептік көрсет­кіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішін­де қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

жеке тұлғаларға — бес, лауазымды адамдарға,  дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

441-бап. Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын және олардың iшкi

жабдықтарын бүлдiру

Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын, атап айтқанда, темiр жол көлiгiнде жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

442-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн

бұзу

1. Әуе кемелерiнiң ұшуы, зымырандарды ұшыру, атыстың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жасау жұмыстары кезiнде немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердi көтеруге, жылжытуға немесе түсiруге байланысты басқа да қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзу, -

құқық бұзушылықты жасаудың құралы болған затты өтемiн төлеп алып қоя отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасаудың құралы болған затты тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

443-бап. Ұшу қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

1. Аэродром аумағында аэродромдарды ажырата бiлу үшiн қолданылған таңбалау белгiлерi мен қондырғыларына ұқсас қандай да бiр белгiлер мен қондырғыларды орналастыру немесе әуежай, аэродром әкiмшiлiгiнiң рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу, немесе әуе кемелерiнiң ұшуы үшiн қауiптi құстардың жаппай жиналуына жағдай жасайтын объектiлер салу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнгi және күндiзгi таңбалау белгiлерiн орналастыру туралы ережелердi орындамау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Аэродром жабдықтарын, аэродром белгiлерiн, әуе кемелерiн және олардың жабдықтарын бүлдiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Тиiстi рұқсатсыз әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), аэродромдардың, ұшуды радиомен және жарықпен қамтамасыз ету объектiлерiнiң аумағы арқылы жаяу жүрiп немесе көлiкпен өту, -

бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

444-бап. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн

бұзу

1. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн бұзу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Адамды мас күйiнде әуе кемесiн басқаруға жiберу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

445-бап. Адамның мас күйiнде әуе кемесiн басқаруы

1. Адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде әуе кемесiн басқаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

2. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

446-бап. Әуе кемесiндегi мiнез-құлық ережесiн бұзу

1. Әуе кемесiндегi адамның кеме командирiнiң өкiмiн орындамауы, егер бұл адамның әрекетi ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрмесе, -

ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әуе кемесiнiң бортынан суретке түсiру, кино және бейнетүсiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ радио байланысы құралдарын пайдалану, -

ескерту жасауға немесе таспа мен кассеталарды, радио байланысы құралдарын тәркiлей отырып, не онысыз, бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

447-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау

ережелерін бұзу

1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау ережелерін бұзу, -

айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін бұзу, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

447-1-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді

автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде

жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы

1. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ажыратылған осындай құрылғылармен, не толтырылмаған диаграммалық дискілермен, сол сияқты:

1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;

2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;

3) жолаушыларды, багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей автокөлік құралын пайдалануы, -

дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы, -

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

447-2-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді

автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз

немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыру

Шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын жүргізушілердің, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы, -

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

447-3-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты

емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде

автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар

тізімінің болмауы

Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы, -

айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

447-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль

тасымалын шет мемлекетте тіркелген автокөлік

құралдарымен жүзеге асыру

Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, шет мемлекеттің тасымалдаушыларына тиесілі автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

448-бап. Теңiз көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

ережелерiн бұзу

1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң портқа кiру және одан шығу, порт суларында кемелердiң қозғалыс және тұру ережелерiн бұзуы, -

жетi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиiстi рұқсаттарсыз жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

449-бап. Теңiз көлiгiндегi сигнал беру және байланыс құрылғылары мен

қондырғыларын бүлдiру

Теңiз көлiгiндегi сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде, сондай-ақ шағын

кемелерде жолаушылар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн

бұзу

Жолаушыларды теңiз және өзен көлiгi кемелерiне, сондай-ақ шағын кемелерге отырғызу кезiнде, жол үстiнде және оларды сол кемелерден түсiру кезiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы Кодекстiң 450-453, 457-баптарында шағын кемелер деп басты двигателiнiң қуаты 75 ат күшiнен аз, өздiгiнен жүретiн кемелердi және жалпы сыйымдылығы 80 тiркеулiк тоннадан аз, өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi, жеке тұлғаларға тиесiлi моторлы кемелердi (двигательдерiнiң қуаттылығына қарамастан), желкендi кемелердi, сондай-ақ өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi (жүк көтерiмдiлiгi - 100 килограмм және одан ауыр ескектi қайықтарды, 150 килограмм және одан да ауыр байдаркаларды және 225 килограмм және одан да ауыр үрленген кемелердi) түсiну керек.

451-бап. Кеменi жүзуге шығару ережелерiн бұзу немесе тиiстi дипломы

(куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға

жiберу

1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жағдайы қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдықтарын басқаруға жiберу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу, -

шағын кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

452-бап. Кемелердi пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ басқару

құқығы жоқ адамның кеменi басқаруы

1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе бортында нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жүк тиеу ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқару, -

ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кеме басқару құқығы жоқ адамның сол кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқаруы, немесе басқару құқығы жоқ адамға сондай кеменi басқаруды беру, -

үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

453-бап. Кемелердiң жүзу, жүк тиеу және жүк түсiру ережелерiн бұзуы

1. Кеме жүргiзушiлерiнiң кемелердiң (шағын кемелерден басқа) қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру ережелерiн бұзуы, сондай-ақ порттағы және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды бүлдiруi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шағын кемелердiң кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген жылдамдықты арттырып жiберуi, навигациялық белгiлер талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтатуы немесе тұрғызып қоюы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме жүргiзу мен навигациялық жағдайдың белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге шағын кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Шағын кемелердi жүргiзушiлердiң шағын кемелердi пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзуы, -

ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

454-бап. Кеме жүргiзушiнiң немесе өзге де адамның мас күйiнде кеменi

басқаруы

1. Кеме жүргiзушiнiң кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде басқаруы, сондай-ақ осындай кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi кеме жүргiзушiнiң басқаруына беру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

2. Жолаушылардың қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiне куәландыру рәсiмiнен өтуден жалтаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

4. Кеменi басқару құқығы жоқ немесе алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi адамның iшкi су жолдарында сол кеменi басқаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi адамдарды кеменi басқаруға жiберу, -

кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

455-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн

қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртiбiн, тиiстi органдардың келiсiмiнсiз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртiбiн бұзу, -

жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Навигациялық жабдықтардың, байланыс пен сигнал берудiң жүзбелi және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық құралдарды күтiп-ұстау, пайдалану ережелерiн және олардың белгiленген жұмыс режимiн бұзу, тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) навигациялық белгiлер мен сигналдарды танып-бiлуге кедергi келтiретiн белгiлер, құрылыстар, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздер орнату, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және

қоймада ұстау ережелерiн бұзу

Өзен айлақтары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және қоймада ұстау ережелерiн бұзу, -

екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

457-бап. Шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды)

пайдалану ережелерiн бұзу

Тиiстi органдардың рұқсатынсыз шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану немесе шағын кемелердiң базада тұру нормаларын, базаларды (құрылыстарды) қауiпсiз пайдалану шарттары мен техникалық талаптарын бұзу, сол сияқты аталған базаларда (құрылыстарды) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын кемелердi күтiп-ұстау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

458-бап. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн, сондай-ақ

кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу

1. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, ал лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

459-бап. Көлiкте белгiленбеген орындарда темекi шегу

Жергiлiктi жерде және алысқа қатынайтын поездарда, әуе, теңiз және өзен көлiктерi кемелерiнде, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустар, маршруттық таксилер мен қалалық электр көлiгi салондарында белгiленбеген орындарда темекi шегу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

460-бап. Көлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу

1. Көлікте белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

461-бап. Көлік құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу

1. Мемлекеттiк тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым са­лынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіп бой­ынша тіркелмеген көлік құралдарын жүргізу –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін (белгісін) орнату –

жеке тұлғаларға – он бес, көлік құрал­дары­ның пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға – елу, дара кәсіпкерлерге, шағын не-месе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе ком­мер­циялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-1. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерін­де айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

4. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Тиіс­ті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, -

он бес ай­лық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты басқару, -

жеке кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізу –

үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлше­рінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 Ескерту. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және басқа да өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен өзге де механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.

 

461-1-бап. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы

1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізуші­нің телефонды не радиостанцияны пайдалануы –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.

 

462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген

жылдамдығын арттырып жiберуi

1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші және үшінші бөлік­те­рінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

463-бап. Көлік құралдарын жүргізу­шілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда жүрудің, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ережелерін сақтамауы және жол жүрісінің ережелерін басқа да өрескел бұзу

1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын ай­мақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдық­талған көлік құралдарымен жүру кезінде қау­іпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен алып тасталды

2. Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен не мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік  құралдарының жүруі, сондай-ақ бөлінбейтін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге деЙінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту ереже­ле­рін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту

1. Көлденең бағыттағы көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соқтыратын кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жол жүрісі ережелерінің жол қиылы­сы­нан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын кө­лік құралына жол беру талаптарын орын­дамау –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

463-2-бап. Маневр жасау ережелерін бұзу

1. Жол жүрісі ережелерінің жүру, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау –

үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мұндай маневрлар жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдай­ларды қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүрудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші және үшінші бөлік­терінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу

1. Жол жүрісі ережелерін бұза отырып, жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүру –

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде ор­наластыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе жол­дың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге ар­налған жағына шықпай басып озу ережелерін бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жая­у колоннаны кесіп өту не одан орын алу –

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Егер жол жүрісі ережелерімен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөлік­терінде көзделген, әкімшілік жаза қолданыл­ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

 

463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу

1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші-үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе қою ережелерін бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оларды қою –

алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Басқа көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу –

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

463-5-бап. Арнайы жарық және дыбыс сиг­на­лдары іске қосылған жедел және арнайы қыз­меттер көлік құралының жүруіне басым­дық бермеу

1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу –

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу–

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету

1. Осы Кодекстің 466-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

463-7-бап. Жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу

1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлше­рінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

463-8-бап. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау

1. Осы тараудың басқа баптарында көз­дел­ген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

464-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткiзу,

сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын

пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану ережелерiн бұзуы

1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

464-1-бап. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс  сигналдарын беруге арналған құрылғыларды  орнату ережелерін бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу

1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату –

аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауа­зымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын не­месе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерция­лық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жарым мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату –

аталған құрылғыларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, көлік құрал­дарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлға­ларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері бо­лып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу –

жеке тұлғаларға – жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммер­ция­лық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұл­ғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

465-бап. Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі ережелерін авариялық ахуал туғызуға әкеп соғатындай дәрежеде бұзуы

1. Жол жүрісіне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрісіне басқа қатысушыларды жүріс жылдамды­ғын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі ережелерін бұзуы –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқы­ғынан айыруға әкеп соғады.

 

466-бап. Теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу

1. Теміржол өткелдерінен тыс жерден темір­жолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршам немесе өткел кезекшісі тыйым салатын сигнал берген кезде теміржол өткелдеріне шығу, сол сияқты теміржол өткелінде тоқтау немесе тұру –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс- әрекеттер –

алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

 

467-бап. Жүргізушінің алкогольден, есірт­кі­ден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін­де көлік құралын жүргізуі, сол сияқты кө­лік құралын жүргізуді алкогольден, есірт­кіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру

1. Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, не көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру –

екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

2. Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол іс-әрекеттер –

үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соқтырған іс-әрекеттер –

төрт жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

он тәулікке әкімшілік қамауға және бес жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс- әрекеттер –

он бес тәулікке әкімшілік қамауға және он жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер –

он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көз­дел­ген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер –

он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.

8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер –

он тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.

9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер –

он бес тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.

10. Осы баптың алтыншы, жетінші, сегізін­ші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Ескерту. Жүргізушінің мас күйде (алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан) болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалады.

467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты

тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына

қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз

жүзеге асыру

1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

468-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн

қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың

денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге

де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы

1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтiрiп бұзуы, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға және бір жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

469-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу

Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса, -

бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.

470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк

құралдарын басқаруы

1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiгi және заңдарда белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, -

бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған адамға көлік құралын жүргізуге беру –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып­пұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

471-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау  органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы талаптарын орындамау, алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін куәландырудан өтуден жалтару

1. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Көліктік бақылау органы қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шека­расы арқылы автокөлік құралдарын өткізу бекет­терінде және Қазақстан Республикасының аума­ғын­дағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құра­лын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, —

айлық есептік көрсеткіштің  бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

1-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

2. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау, -

екі жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Ескерту. Нысанды киiм киген ішкі істер (полиция), көліктік бақы­лау органдары қызметкерлерiнiң көлiктi тоқтату туралы талабы қол қимылымен сигнал берiп немесе таяқшаны көтерумен бiр мезгiлде ысқырып сигнал берiп не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигнал беру жүргiзушiге түсiнiктi болуға тиiс және оларды орындау авариялық ахуал туғызбайтындай болуы үшiн дер кезiнде берiлуге тиiс.

472-бап. Көлiк құралдарының қозғалысына кедергi жасау

Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк қозғалысы ережелерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

473-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де

қатысушылардың қозғалыс ережелерiн бұзуы

1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер, -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жаяу жүргіншілердің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің талаптарын үнемі бұзуы, -

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.

Ескерту. Жол қозғалысына өзге де қатысушылар деп бұл бапта мопедтердi, велосипедтер мен күш көлiгiн басқарушыларды, мал айдаушыларды, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.

474-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару

және пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзу

1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдардың, осы Кодекстiң 475-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның көлiк құралын техникалық немесе өзгедей пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

475-бап. Мас күйiндегi жүргiзушiнi не басқару құқығы жоқ адамды көлiк

құралын басқаруға жiберу

1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiндегi жүргiзушiнi не көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

476-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды

бұзу

Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.

477-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау

ережелерiн бұзу

1. Темiр жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың ережелерiн бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу, -

аталған заттарды немесе бұйымдарды тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткiзу, -

үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

478-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi пайдалану

ережелерiн бұзу

Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кiру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киiмдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

479-бап. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз алып

жүру

1. Жолаушылардың билетсiз ұшуы және оларды билетсiз алып ұшу:

1) халықаралық линиялардағы әуе кемелерiнде, -

үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

2) республикаiшiлiк линиялардағы әуе кемелерiнде, -

екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

3) жергiлiктi линиялардағы әуе кемелерiнде, -

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

2. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз алып жүру:

1) алысқа қатынайтын поездарда, -

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

2) жергiлiктi жерде қатынайтын поездарда, -

бiр айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

3) қала маңындағы поездарда, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

4) халықаралық линиялардағы теңiз кемелерiнде, -

үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

5) жергiлiктi линиялардағы теңiз кемелерiнде, -

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

6) қала маңы линияларындағы теңiз кемелерiнде, -

екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

7) халықаралық қатынастардағы өзен кемелерiнде, -

үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

8) қала маңында қатынайтын өзен кемелерiнде, -

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

9) қалаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерiнде, -

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

10) қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршрутты таксиде, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

11) қалааралық қатынастағы автобуста, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды билетсiз алып жүру:

1) жергiлiктi және алысқа қатынайтын поездарда, халықаралық және жергiлiктi линиялардағы әуе, теңiз және өзен көлiктерi кемелерiнде, -

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

2) қала маңындағы поездарда, теңiз көлiгiнiң қала маңы линияларындағы кемелерде, өзен көлiгiнiң қала маңы және қалаiшiлiк қатынастағы кемелерiнде, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

3) әуе көлiгiнiң республикаiшiлiк линиялардағы кемелерiнде, -

бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

4) қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршрутты таксиде, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

5) халықаралық қатынастағы автобуста, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Көлiк қызметкерлерiнiң жолаушылардың билетсiз жол жүруiне ымыраласуы, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгін, теңдеме жүк пен жол теңдеме жүгін алып жүру

1. Темiр жол, теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, -

белгiленген нормадан тыс әрбiр килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршруттық таксиде ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -

теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қалааралық қатынастағы автобуста ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -

теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Темiр жол, теңiз, өзен, әуе көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүкті немесе жол теңдеме жүгін алып жүру, -

жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

480-1-бап. Темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын

(билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін

ұзарту және билет кассаларының жұмысын

ұйымдастыру ережелерін бұзу

Темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерін бұзу, -

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

481-бап. Темiр жол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң

сақталуын қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзу және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау жабдықтарын бүлдiру, -

бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темiр жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

482-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi

ережелердi бұзу

1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

483-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн машиналар мен

жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу

Осы Кодекстiң 246, 247, 4